*ПАРЕМИЯДАҒЫ ТӨРТ ТҮЛІК АТАУЛАРЫ – ҰЛТТЫҚ КОД

*ПАРЕМИЯДАҒЫ ТӨРТ ТҮЛІК АТАУЛАРЫ – ҰЛТТЫҚ КОД

Авторлар

Кілт сөздер:

паремия, мақал-мәтел, имплицитті ақпарат, тілдік бірлік,әлеуметтік код, мәдени код, антитеза, синоним.

Аңдатпа

Мақалада ұлттық кодты ашуда, әлемнің тілдік бейнесін жасауда өзіндік орны бар төрт түлік атаулары құрамында бар паремия бойынша ақпарат зерделеніп, ауылшаруашылық, халықтың тұрмыс-тіршілігі, метеорологиябойынша халық танымындағы маңызды қор ретінде қарастырылған.

Мақаланың мақсаты – құрамында төрт түлік атаулары бар паремияның тілдегі қолданылыс ерекшелігін көрсету және сол арқылы халықтың әлемнің тілдік бейнесін жасаудағы танымын айқындау, сол ақпаратқа сай ұлттық кодты ашу.

Зерттеу жұмысы лексика-семантикалық, когнитивтік бағытта орындалған. Автор құрамында төрт түлік атаулары бар паремияныңұрпақтан ұрпаққа мұра болып қалатын, қазақ қоғамының әлемнің тілдік бейнесін қалыптастырушы ерекше лингвомәдени бірлік қатарына жатқызады.

Жүргізілген зерттеу барысында құрамында төрт түлік атаулары бар мақал-мәтелдер әлеуметтік жағдай, мәдени код негізінде ұлттық танымды айқындаудағы маңызды бірлік ретінде ерекше назар аударылған. Мақал-мәтелдердегі жиналған халықтың тәжірибесіне сай ақпаратты ашуда ұлттық таным, әлеуметтік код, мәдени код ретіндегі танымдық қызметіне айрықша мән берілген. Сонымен бірге мақал-мәтелдердегі төрт түліктің жиынтық атаулары мен жекелеген атаулардың қолданысы бойынша статистикалық мәлімет келтірілген. Мақал-мәтелдердегі төрт түлік атауларының прагматикалық әлеуеті зерделеніп, олардың халықтың ғасырлар бойы жинақтаған таным-түсінігі, әлемді қабылдаудағы тасымал құрал ретіндегі орны айқындалған.

Құрамында төрт түлік атаулары бар паремияның ұлттың танымдық қорын қалыптастыратын, мәдени ақпарат тасымалдаушы негізгі лингвомәдени бірліктер екені дәйектеліп, олардың тасасындағы имплицит ақпараттардың астарындағы мәдени кодтар ашылған. Жасалған тұжырымдар когнитивтік, статистикалық, салғастырмалы-сипаттамалық әдістер арқылы негізделіп, нақты мысалдармен дәлелденген. Дәйектер мақал-мәтелдерден алынған.

Мақаланың практикалық маңыздылығына оның негізгі нәтижелерін лексикология, когнитивтік лингвистика, лингвомәдениеттану тәрізді теориялық курстарда, сондай-ақ қазақ тілін оқыту парктикасы үшін семинарларда қолдануға болатыны жатады.

Авторлар туралы мәліметтер

*Сауле Иманбердиева, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

– филология ғылымдарының докторы, профессор

Меруерт Егенберді, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

– педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы

Жүктеулер

Жарияланды

2023-09-12

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі
Loading...