ӘДЕБИЕТТЕГІ КРОССОВЕР ЖАНРЫ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫ

ӘДЕБИЕТТЕГІ КРОССОВЕР ЖАНРЫ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.55808/1999-4214.2026-3.17

Кілт сөздер:

кроссовер жанры, қазіргі қазақ прозасы, жанрлық гибрид, постмодернизм, мифопоэтика, интертекстуалдық, глокализация, көркем шығарма

Аңдатпа

Мақалада қазіргі қазақ прозасындағы кроссовер феномені жанрлық трансформация, адресат әмбебаптығы және интертекстуалдық байланыстар тұрғысынан кешенді зерделенеді. Зерттеудің өзектілігі – ұлттық әдебиеттегі дәстүрлі жанрлық шекаралардың бірте-бірте жойылып, «балалар мен ересектерге ортақ әдебиет» үрдісінің белең алуымен және ұлттық кодтың жаһандық мәдени трендтермен тоғысуын ғылыми тұрғыдан негіздеу қажеттілігімен айқындалады. Жұмыстың мақсаты – М. Мағауин, Т. Әсемқұлов, Д. Әшімханұлы және М. Омарова шығармаларындағы кроссоверлік нышандарды анықтап, олардың мифопоэтикалық негіздері мен мәдени бірегейлікті сақтаудағы маңызын айқындау. Зерттеу барысында жүйелі-сипаттамалық, мифопоэтикалық, герменевтикалық және интертекстуалдық талдау әдістері қолданылды. Талдау нәтижесінде қазіргі қазақ романдары мен әңгімелеріндегі фольклорлық элементтердің ежелгі эпос, миф немесе ауызша дәстүрлердің заманауи көркемдік кескіні екені дәлелденді. Шығармалардағы кроссоверлік сипат жанрлық синтез ретінде ғана емес, автордың жас ерекшелігі әртүрлі оқырманмен ортақ интеллектуалдық диалог орнату тәсілі ретінде қарастырылады. Сонымен қатар, қаламгерлердің мифтік образдар мен шынайы өмір элементтерін ұштастыруы әдебиеттің коммуникативтік аясын кеңейтіп, ұлттық мәдени кодтарды жаһандық контексте жаңғыртуға жол ашатыны зерделенеді. Осы орайда кроссоверлік нышандар қазіргі қазақ прозасының интеллектуалдық-эстетикалық салмағын арттырып, оның мәдени-философиялық және педагогикалық әлеуетін ашатын басты факторлардың бірі ретінде бағаланады.

Авторлар туралы мәліметтер

*Жайна Дильдебаева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

– PhD докторант

Күләш Ахмет, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

– филология ғылымдарының докторы, доцент

Жүктеулер

Жарияланды

2026-09-30

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиеттану
Loading...