АҚАН НҰРМАНОВТЫҢ «ҚҰЛАННЫҢ АЖАЛЫ» РОМАНЫНДАҒЫ ЭМОЦИОНАЛДЫ РЕФЛЕКСИЯ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ ТӘЖІРИБЕСІ РЕТІНДЕ
Кілт сөздер:
эстетикалық талдау, көркемдік, эмоционалды рефлексия, имплицитизм, ішкі монологАңдатпа
Бұл мақалада Ақан Нұрмановтың «Құланның ажалы» романындағы эмоционалды рефлексияның ерекшелігі ашылады. Әлемдік әдебиеттану жетістіктеріне сүйене отырып, автор қазақ әдебиеті тарихындағы эмоционалды рефлексияның рөлі мен маңызын зерттейді. Зерттеудің тақырыбы шығарманың көркемдігі болады, онда басты
кейіпкердің әсерлері мен эмоционалды реакцияларының күйзелісі бірінші орынға
шығады. Романның поэтикасын түсінуде күйзелісті басынан өткізу негіз болып табылады. Мақалада романдағы оқиғаларды бағалау кейіпкердің құндылық координаттары жүйесі арқылы жүреді деген тезис ашылады. Бұл тұлғаның авторлық тұжырымдамасын түсінуге мүмкіндік береді: ол қандай болуы мүмкін немесе болуы керек.
Жұмыста басты кейіпкердің эмоционалды рефлексиясы зерттелді, бұл шығарманың қақтығысын Құланның санасы арқылы ашуға, кейіпкермен бірге азапты бейнет пен қазаны қабылдауға және сезінуге мүмкіндік береді. Әлемдік әдебиеттану көркем шығарманы талдауға жаңа көзқарас қалыптастырды және романды жаңаша оқуға мүмкіндік берді, мұнда кейіпкерге және оның сезімдеріне эстетикалық көзқарас бірінші орынға шығады. Жеке тұлға, оның ішкі әлемі және өмірді дамыту логикасына сәйкес іс-әрекеттері көркем бейненің объектісіне айналады. Бұл мақалада эмоциялық тәжіребе өмір шындығын түсінудегі соңғы және объективті шындық деген идеяны ұстанады. Романның эстетикалық талдауы оқырманның бас кейіпкердің сезімін бастан кешіруін және өмір сүруін қамтиды. Мақалада кейіпкердің құндылық координаталары жүйесі
арқылы автордың тұлғалық концепциясы ашылады.