ҮЙЛЕНУ ҒҰРПЫ ФОЛЬКЛОРЫНДАҒЫ САКРАЛДЫҚ ҰҒЫМДАРДЫҢ СЕМИОТИКАЛЫҚ СИМВОЛДЫҚ МӘНІ

ҮЙЛЕНУ ҒҰРПЫ ФОЛЬКЛОРЫНДАҒЫ САКРАЛДЫҚ ҰҒЫМДАРДЫҢ СЕМИОТИКАЛЫҚ СИМВОЛДЫҚ МӘНІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.55808/1999-4214.2026-3.16

Кілт сөздер:

фольклор, сакралды ұғым, кие, үйлену ғұрпы, семиотика, символ.

Аңдатпа

Бұл мақалада үйлену ғұрпындағы сакралды ұғымдар дәстүрлі дүниетанымдық категория негізінде сараланады. Зерттеудің өзектілігі – әдебиеттану ғылымында сакралды ұғымдар салыстырмалы түрде жаңа зерттеу нысаны болғандықтан, оның фольклордағы көрінісін жүйелі түрде зерделеу қажеттілігі айқын. Сакралдық (лат. sacrum – қасиетті, киелі, орыс. сакральное, ағылш. sacred) таным – гуманитарлық ғылымдарда кеңінен зерттеліп жүрген күрделі категория. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында Э. Дюркгейм, Р. Отто, М. Элиаде еңбектерінен бастау алған сакрум феноменологиясы бүгінде дүниежүзілік гуманитарлық салада негізігі тақырыптардың біріне айналды. Алғашқы зерттеушілер қастерлілік түсінігін сакрум (қастерлі), профанум (дүниелік) мазмұны бойынша салыстырмалы түрде саралап, діни түсініктермен байланыстырды. Фольклористика саласындағы сакралдық таным архаикалық қоғамның рухани кеңістігін айқындаумен қатар, фольклорлық мәтіндер мен рәсімдік тәжірибенің семантикалық өзегі ретінде көрініс береді. Зерттеудің мақсаты – қазақ халқының үйлену ғұрпына қатысты сакралдық ұғымдардың семиотикалық, символдық семантикасын саралау. Зерттеу материалдары ретінде үйлену ғұрпындағы рәсімдік амалдар (қыз ұзату, келін түсіру, отқа май құю, отау тігу) мен фольклорлық поэзия (жар-жар, сыңсу) қарастырылады. Зерттеу нәтижесінде халықтың дәстүрлі дүниетанымы, тұрмыс-тіршілігі, мәдениеті жан-жақты зерделеніп, сакралдық ұғым-түсініктер фольклортану саласындағы көпқабатты концепт ретінде дәлелденді. Үйлену ғұрпындағы сакралды ұғымдардың таңбалық, символдық мәнін қазақы дәстүрлік таным негізінде жүйелеу – зерттеудің ғылыми жаңалығы ретінде ұсынылады. 

Авторлар туралы мәліметтер

Ерхан Кәрібозов , әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

– филология ғылымдарының кандидаты, ассистент-профессор

*Ләйлә Ноғайбекқызы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

– PhD докторант 

Жүктеулер

Жарияланды

2026-09-30

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиеттану
Loading...