КҮЙ-АҢЫЗ МӘТІНДЕРІН ЛИНГВОМӘДЕНИЕТТАНЫМДЫҚ ТҰРҒЫДАН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ: ТІЛ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ, ЛИНГВОМӘДЕНИ БІРЛІК, КОНЦЕПТ, СИМВОЛ ЖӘНЕ МӘДЕНИ КОД
DOI:
https://doi.org/10.55808/1999-4214.2026-3.07Кілт сөздер:
күй-аңыз, лингвомәдениеттану, мәдени код, концепт, символ, қазақтың ұлттық дүниетанымыАңдатпа
Мақалада күй-аңыз мәтіндері қазақ халқының мәдени жады, құндылықтар жүйесі мен ұлттық дүниетанымы тілдік тұрғыдан көрініс табатын дербес фольклорлық-лингвомәдени мәтіндер ретінде қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі күй-аңыздың негізінен музыкалық-тарихи және фольклорлық-жанрлық тұрғыдан зерттеліп келуімен, ал оның лингвомәдени бірліктер, концептілер, символдар мен мәдени кодтар арқылы ұйымдасатын тілдік құрылымының жеткілікті дәрежеде жүйеленбеуімен айқындалады. Мақаланың мақсаты – күй-аңызды лингвомәдениеттанымдық тұрғыдан талдаудың теориялық негіздерін дәйектеу және қазақ дүниетанымының оның тілдік құрылымында көрініс табу тетіктерін анықтау. Зерттеу материалы ретінде жарияланған күй-аңыз мәтіндері алынып, олар лингвомәдениеттанымдық, семантикалық, концептуалдық және фольклорлық-текстологиялық әдістер арқылы талданды. Зерттеу нәтижелері жер, ел, ата-баба, аманат, тағдыр, домбыра, күй, төрт түлік, жылқы, нар, құс, аң тәрізді бірліктердің жер, туыстық, жады, тағдыр, моральдық парыз, рухани сабақтастық, көшпелі өмір салты және адам мен табиғат арасындағы байланысқа қатысты семантикалық өрістерді қалыптастыратынын көрсетті. Зерттеудің ғылыми жаңалығы күй-аңызды тілдік бірлік, бейне, концепт, символ және мәдени код мағына түзудің өзара сабақтас біртұтас жүйесі ретінде қызмет ететін дербес лингвомәдени нысан ретінде түсіндірумен байланысты. Мақалада жекелеген оқиғаларды ұжымдық мәдени жад құрамына енгізетін кеңістік-жерлік, генеалогиялық, этикалық-аксиологиялық, мифопоэтикалық, музыкалық-семиотикалық және зоомәдени кодтар айқындалды.
