ЖАРНАМАЛЫҚ ДИСКУРСТАҒЫ ГЕНЕРАТИВТІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ТІЛДІК ӨЗГЕРІСТЕР ЖӘНЕ БРЕНД ДАУЫСЫНЫҢ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ

ЖАРНАМАЛЫҚ ДИСКУРСТАҒЫ ГЕНЕРАТИВТІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ТІЛДІК ӨЗГЕРІСТЕР ЖӘНЕ БРЕНД ДАУЫСЫНЫҢ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ

Авторлар

  • *Аида Нурбаева Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
  • Индира Байсыдық Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
  • Назигуль Акыбаева Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Абай атындағы орта мектебі»

DOI:

https://doi.org/10.55808/1999-4214.2026-3.06

Кілт сөздер:

генеративті жасанды интеллект; жарнамалық дискурс; жарнамалық копирайтинг; тілдік ұйымдасу; сендіру стратегиялары; бейнелілік; бренд дауысы; стильдік трансформация.

Аңдатпа

Мақалада генеративті қайта тұжырымдау жарнамалық хабарламаның тілдік ұйымдасуын және оның сендіру қызметін жүзеге асыру тәсілдерін қалай өзгертетіні қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі генеративті модельдердің жарнамалық копирайтингке белсенді енгізілуімен және контентті ауқымды өндіру кезінде стильдік біріздену қаупімен байланысты. Жұмыстың мақсаты — бастапқы жарнамалық жарияланымдар мен олардың негізінде жасалған ЖИ-нұсқалар арасындағы айырмашылықтарды үш көрсеткіш тобы бойынша анықтау: бейнелік қанықтық пен метафоралану, сендіру стратегиялары және бренд дауысының маркерлері. Зерттеу материалы брендтердің ресми аккаунттарында жарияланған ағылшын тіліндегі 40 хабарламаны және фактілік мазмұны мен коммуникативтік міндеті сақталған 40 салыстырмалы генерацияланған мәтінді қамтиды. Контент-талдау, қолмен кодтау және жұптық статистикалық салыстыру әдістері қолданылды. ЖИ-нұсқаларда сенсорлық-бағалауыш лексика көбірек қолданылатыны, өнім артықшылықтары жиірек тізбектелетіні және синтаксистік құрылымдардың неғұрлым кеңейтілген сипат алатыны анықталды. Сонымен қатар тікелей әрекетке шақырулар, жеделдік маркерлері, үзік құрылымдар, ауызекі лексика, эмодзи және экспрессивті пунктуация сирек кездеседі. Нәтижелер ықпал ету тәсілінің тікелей әрекетке итермелеуден артықшылықтарды кеңірек түсіндіруге қарай ауысатынын көрсетеді. Генеративті ЖИ жарнамалық контентті ауқымдауды жеңілдетеді, алайда стильдік параметрлер нақты белгіленбесе, бренд дауысының дара белгілерін әлсіретуі мүмкін деген қорытынды жасалды.

Авторлар туралы мәліметтер

*Аида Нурбаева, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

– философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессоры

Индира Байсыдық , Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

– философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессоры

Назигуль Акыбаева, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Абай атындағы орта мектебі»

– қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі 

Жүктеулер

Жарияланды

2026-09-30

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі
Loading...