*«ҚАСҚЫР» ЗООНИМІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІҢ СЕМАНТИКАСЫ (ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ТҮРІК ТІЛДЕРІ НЕГІЗІНДЕ)

*«ҚАСҚЫР» ЗООНИМІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІҢ СЕМАНТИКАСЫ (ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ТҮРІК ТІЛДЕРІ НЕГІЗІНДЕ)

Авторлар

Кілт сөздер:

мақал-мәтелдер, қазақ мақалдары, түрік мақал-мәтелдері, қасқыр зоонимі, бөрі зоонимі, семантика

Аңдатпа

Аңдатпа. Екі тілдегі зоонимдерді салыстырмалы талдау ең алдымен, ұлттың әлемнің тілдік бейнесін сипаттаудазор ғылыми қызығушылық тудырады. Өйткені кез келген тілдерді салыстыру олардағы негізгі үш қасиетті – ортақтық пен ұқсастықтарды, ерекшеліктерді анықтауға негіз болады.

Мақалада қазақ және түрік халықтары мәдениетінің ең көне бейнелерінің бірі – «қасқыр» зоосимволы мақал-мәтелдер арқылы талданады. Мақал-мәтелдер – халықтың жинақталған өмір тәжірибесі бар ауыз әдебиетінің бір түрі. Олар осы мақал-мәтелдерді жасаған халықтың ұлттық болмысын, қызығушылықтарын, түрлі жағдайларға деген көзқарасын, тұрмыс-тіршілігін, салт-дәстүрін тереңірек түсінуге көмектеседі. Халық ауыз әдебиетінің бұл түрін зерттеу әртүрлі мәдениеттердің ерекшеліктері мен өзара байланысын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.

Жануарлар туралы мақал-мәтелдер әр түрлі халықтардың паремиологиялық қорында ауқымды қабатты құрайды және үлкен тақырыптық әртүрлілігімен ерекшеленеді. Жалпы мақал-мәтелдердің тұтас құрылымының басты міндетті – халық ойын толық, қысқа, айшықты етіп көрсетуді көздейді. Ал, жануарлар туралы мақал-мәтелдер архаикалық қысқалық пен бейнеліліктің үлгісі болып табылады.

Қазақ және түрік тілдеріндегі қасқырға байланысты халықтың этникалық және әдет-ғұрпындағы ортақтықтар мен ерекшеліктерді анықтау мақсатында мақал-мәтелдерге талдау жасалды. Қазақ және түрік тілдеріндегі қасқырға қатысты мақал-мәтелдердің негізінде қасқыр зоонимінің этномәдени мазұны анықталып, салыстырмалы талдау екі халықтың дүниетанымында жалпытүркілік болмыстың желісі толық сақталғанын сипаттайды. Мақалада қазақ тіліндегі «қасқыр» зоонимінің және оның түрік тіліндегі баламаларының контекстік семантикасы мақал-мәтелдердегі көрінісі талданады. Зерттеудің мақсаты –  қазақ және түрік тілдеріндегі «қасқыр» ұғымының тілдік бейнеленуінің ерекшеліктерін салыстырмалы талдау арқылы анықтау. Талдау нәтижесінде оң және теріс бояуы бар метафоралық мағыналар анықталды. Қазақ және түрік тілдеріндегі қасқыр атауына байланысты мақал-мәтелдер арасындағы мағыналық ұқсастықтар мен ерекшеліктер қарастылады.

Автор туралы мәліметтер

Майра Ермекбаева, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

– PhD докторант

Жүктеулер

Жарияланды

2024-01-29

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі
Loading...