МЫРЗАШӨЛ ӨҢІРІ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ФОЛЬКЛОРЫ: ЖАНРЛЫҚ ЖҮЙЕСІ МЕН МӘДЕНИ-ТАНЫМДЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ
DOI:
https://doi.org/10.55808/1999-4214.2026-3.15Кілт сөздер:
Мырзашөл, аймақтық фольклор, аңыз, тұрмыс-салт жырлары, топонимдік аңыздар.Аңдатпа
Мақалада мазмұндық, жанрлық, және құрылымдық жағынан Мырзашөл өлкесінің қазақтарының фольклорлық шығармалары қарастырылып, талданады. Мырзашөл өңіріндегі қазақтардың фольклоры ұзақ уақыт бойы жүйелі ғылыми зерттеулердің нысанына айналған жоқ. Жеке экспедициялық материалдар Кеңес одағы кезінде жиналғанымен, идеологиялық шектеулерге байланысты толық зерттелмеген. Сондықтан Мырзашөл өңіріндегі қазақтардың фольклоры арнайы зерттеуді қажет етеді. Қазіргі фольклортану ғылымында маңызды бағыттардың бірі — аймақтық фольклорды арнайы зерттеу. Себебі әр аймақтың фольклоры әр түрлі, ұлттық мәдениеттің ажырамас бөлігі болып табылады.
Зерттеу жұмысының мақсаты — Мырзашөл өңіріндегі қазақтардың фольклор үлгілерін жинақтау, аймақ фольклорының ерекшеліктерін анықтау және жиналған материалдарды талдау.
Зерттеу жұмысын әзірлеу барысында материалдарды жинау әдістері, сұхбаттар алу, талдау, сипаттау, жүйелеу әдістері қолданылды.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы мынада: аймақтық фольклорды зерттеу барысынла Мырзашөл өңірі қазақтарының фольклорын арнайы зерттеу қазақ фольклортану ғылымының дамуына ықпал етіп, өз үлесін қосады.
Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы: елге бұрын белгісіз болған фольклорлық шығармаларды зерттеу, олардың баяндаушыларын анықтау және өңір бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу.
Зерттеу нәтежиесінде Мырзашөл өңірі қазақтарына тән фольклорлық үлгілердің типтік құрылымы мен жүйесі, аймақтық фольклорлық үлгілердің сипаттамалары, олардың контекстік сипаты мен ұлттық мәдениеттегі орны кеңінен анықталды. Зерттеу жұмыстары негізінде аймақтық фольклорлық шығармалардың жинақталуы: аңыздар, салт-дәстүрлер, тұрмыс-салт жырлары ғұрыптық рәсімдер, топонимикалық атаулар және т.б. зерттеу жұмыстары нәтежиесінде жиналған мәліметтер қосымша зерттеулер қажет екенін көрсетеді.
