МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖОО-ДА ҚАЗАҚ ШЕТЕЛ СТУДЕНТТЕРІН ОҚЫТУДАҒЫ ОҚЫТУШЫНЫҢ КӘСІБИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
Кілт сөздер:
шетелдік білім алушылар, педагог-лингвистердің тәжірибесі, толерантты сананы қалыптастыру, медицина ЖОО, педагогикалық басқару дағдылары, коммуникативтік құзыреттілік, делдал тіл, бейімделуАңдатпа
Мақалада ЖОО-ғы медициналық білім алып жатқан шетел студенттерін оқытудағы оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері, сондай-ақ оқытудың жаңа формалары сипатталған. Осы бағыт аясында авторлар осы мәселеге талдау жүргізе отырып, жоғары оқу орындарындағы оқытушы жұмысының барынша сәтті болуы, оқытушының лингвоэтносоциумды педагогикалық басқару әдістерін қаншалықты шығармашылық жағынан қолданатындығына байланысты екенін анықтады. Медициналық университеттерде кез-келген пәнді студенттердің болашақ мамандығымен байланыстыра отырып оқыту өте маңызды болып табылады. Осыған байланысты, біріншіден, бұл әдіс медицина ғылымының тілінде оқыту студенттер үшін жетекші ынталандырушы факторға айналады. Екіншіден, кәсіби қарым-қатынас шекарасын кеңейтеді, шетелдік адамның қазақ қоғамына енуіне ықпал етеді, яғни социопсихологиялық мәселелерді шешуді жеңілдетеді. Сондай-ақ, мақалада халықаралық студенттерді бейімдеудің психологиялық, әлеуметтік, этникалық негізгі әдістері қарастырылады. Шетелдік студенттерді қазақ студенттерімен бірге академиялық топтарда оқытудың ұтымды жақтары көрсетіледі. Бұл ең алдымен, шетелдік студенттердің университеттің ішкі тәртіптерімен жақын танысуына, жаңа әлеуметтік-мәдени орта құндылықтарын тезірек меңгеруіне ықпал етеді. Шетелдік студенттерді оқу-тәрбие процесіне белсенді тарту, студенттің жеке тұлғасын қалыптастырады. Сондай - ақ, мақалада шетелдік студенттердің болашақ мамандықтарын терең игерудегі негізгі құралдардың бірі болып табылатын қазақ тілін үйренуге деген ынталарын арттыру мәселесі де көтерілді. Сонымен қатар медициналық жоғары білім беру мекемелерінде оқытуда делдалдық тілді қолданудың ерекше маңыздылығы мен артықшылықтары да аталып өтеді. Мақала авторлары бұл сұрақтарды медициналық университеттегі шетелдік студенттермен ұзақ мерзімді педагогикалық тәжірибеге сүйене отырып қарастырады.