*МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДЕГІ ҰЛТТЫҚ МІНЕЗДІҢ КӨРІНІСІ

*МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДЕГІ ҰЛТТЫҚ МІНЕЗДІҢ КӨРІНІСІ

Авторлар

Аңдатпа

Тіл – халықтың баға жетпес қазынасы, ұлттық мінез, ұлттық байлығының көрсеткіші, оның әдет-ғұрып, салт-дәстүр, дүниетанымының тарихы. Ұлтымыздың рухани құндылықтарын, мәдени қазынасын ауызға алғанда оның алтын бастау қайнары сөз өнерінен басталатыны сөзсіз. Бітпес дауды бір ауыз сөзбен бітістіретін бабалардың шешендік толғаулары, әр кезеңнің тыныс-тіршілігін көз алдымызға алып келер төкпе өлең-жырлары, дастандары бүгінгі ұрпақтың ұшан-теңіз қазынасына айналып отыр. Соның ең бір шүйгінді саласы ауыздан-ауызға көшіп, ғасырлар бойы жинақталған мақал-мәтелдер, нақыл сөздер десек те болар. Мақал-мәтелдер тілдің ажырамас бөлігі бола отырып, сол халықтың мәдениетін, өзіндік ерекшелігін, дүниетанымын, негізгі құндылықтарын көрсетеді. Демек, мақал-мәтелдерді зерттеу белгілі бір халықтың ұлттық ерекшеліктерін түсінуге көмектеседі. Мақал-мәтелдер ұлттық мінез ерекшеліктерімен танысу үшін жақсы материал болып табылады, өйткені оларда халықтың өзіндік ерекшелігінің бейнесі, ізі сақталған. Кез келген тілдегі мақал-мәтелдерді зерттеу сол тілде сөйлейтін адамның менталитеті мен ұлттық сипатын түсінуге ықпал етуі мүмкін. Мақалада мақал-мәтелдердің халықтың мінезін, ұлттық болмысын, ерекшелігін бейнелеудегі орны нақты мысалдармен айқындалып талданады. Бұл мақала жас оқырмандар мен олардың ата-аналарына, сондай-ақ қазақтың ана тілін  жақсы көретіндердің барлығына өз білімдерін толықтыруға, өз сөздерін бейнелі, шұрайлы,   нақты сөздермен байытуға және жандандыруға көмектеседі.

Авторлар туралы мәліметтер

Өзкул Чобаноглу, Хажеттепе университеті

профессор

*Қарлығаш Әшірханова, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

философия докторы (PhD), аға оқытушы

Зейнеп Жұматаева, Назарбаев Университеті

– педагогика ғылымдарының кандидаты, ассистент профессор

Жүктеулер

Жарияланды

2023-09-14

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі
Loading...