Ш. ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ «АР-ҰЖДАН» КАТЕГОРИЯСЫ

Ш. ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ «АР-ҰЖДАН» КАТЕГОРИЯСЫ

Авторлар

Кілт сөздер:

ар-ұждан, Ш.Құдайбердіұлы поэзиясы, ар, философия, философиялық поэзия, сана

Аңдатпа

Адамды басқа тіршілік атаулыдан бөліп тұратын ол – адамгершілік қасиеттер. Соның ішінде ең бастапқы орында ар-ұждан, намыс тұрады десек қателескеніміз емес. Данышпан ақын, философ Шәкәрім Құдайбердіұлы да ар мәселесін поэзиясында қозғап, оның негізгі мәні мен сәнін көрсетеді. Арлы және арсыз адамға тән қасиеттерді санамалап қана қоймай, оқырман қауымды ойландырып тастайды. Яғни, Шәкәрім ақын өлеңдеріндегі ар-ұят мәселесі жайлы сөз қозғай отырып, автор әр адамды өзіндік қорытынды жасай білуге баулиды. Мақалада Шәкәрім еңбектеріндегі ар-ұждан және оның басқа да елеулі тұлғалардың туындыларынан ерекшелігі айқындалады. Ардың жер бетіндегі күйлері сараланады, олардың түрлері топтастырылады. Арсыздықтың пайда болу себептері анықталады. Арсыздыққа жетелейтін негізгі күштер жайлы сөз қозғалады. Ақын поэзиясының мәні егжей-тегжейлі талданып, бүгінгі күнмен байланыстырыла жіктеледі. Шәкәрімнің гуманистік өлеңдерінің негізінде «Өмірде ардан жұрдай адам бола ма?» деген сұраққа жауап беріледі. Ақын шығармашылығының арқасында ардың адам өміріндегі таптырмас байлық екені расталады. Мақалада автордың тек туындыларындағы ғана емес, бойындағы арлылығы және даналығы Толстой мен Шәкәрімнің рухани үндестігі мысалында қарастырылады.

Авторлар туралы мәліметтер

*Асем Нурланова, Қазақстан-Американдық еркін универстетінің профессоры

филология ғылымдарының кандидаты, профессор

Айымгуль Сейпутанова, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті

филология ғылымдарының кандидаты, доцент

Ақерке Жәмсап, Қазақстан-Американдық еркін университеті

– магистрант

Жүктеулер

Жарияланды

2024-02-15

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиеттану
Loading...