ЖЕЛІ ҚОЛДАНУШЫСЫНЫҢ КОММУНИКАТИВТІК ТИПТЕРІ

ЖЕЛІ ҚОЛДАНУШЫСЫНЫҢ КОММУНИКАТИВТІК ТИПТЕРІ

Авторлар

Аңдатпа

Тілдің табиғатын толық ашу үшін дәстүрлі сипаттап жүйелеу бүгінгі күні жеткіліксіз, осыған қоса тілдің әрекет ету, жұмсалу тетіктерінің де маңыздылығы белгілі болды. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін зерттеу нысаны сөйлеу болу керек, сөйлеудің адамның ойлау әрекетімен, мақсатымен, тілдік бірлікті жұмсаудағы ниетімен, стратегиясымен, сөйлеушілердің коммуникативтік типтерімен тығыз байланыста екендігі мәлім.Адамдар белгілі бір сөйлеу әрекетінің типін таңдай отырып, сөйлеу әрекетін жоспарлайды. Тіл біліміндегі стратегия ұғымы сөйлеуді жоспарлау әрекетіне байланысты туындайды.

Стратегия термині тілші ғалымдардың еңбегінде кеңінен қолданылатын ұғымға айналды. Тіл білімінде ұғым мына мәндерде жұмсалады: 1) ғаламдық коммуникативтік ниет, адресаттың санасына өзгерістер енгізу және оны әлем моделін түзу үшін қолданылатын сөйлеу механизмі; 2) саяси қатынастағы қақтығысты басқару ұстанымы; 3) мәдениетаралық іскери қатынасты ұйымдастырудың жаһандық үлгісі;  4) қатынастың фатикалық қызметін жүзеге асыру. Стратегия сөзінің көп мәнділігіне қарамастан, оның лексикалық мағынасында нақты бір мақсатқа қол жеткізуде іс-әрекетті кешенді жоспарлау түсінігі бар.

Бұл мақалада әлеуметтік желі қолданушыларының сөйлеу стратегиясы мен соған сәйкес олардың коммуникативтік типтері қарастырылады. Әлеуметтік желідегі қарым-қатынас жеке хабарламалар (жекешелік), жаңалықтар (көпшілік), коментарийлер (көпшілік талқылау) тәрізді негізгі үш арна арқылы жүзеге асады. Мақалада осы қарым-қатынас арналары негізінде желі қолданушыларының стратегиялық бағыты және соған сәйкес олардың коммуникативтік типтері сипатталады. Әлеуметтік желі қолданушыларының негізгі деген коммуникативтік типтері белсенді тілекшілер.

Авторлар туралы мәліметтер

*Зульфия Курманбекова, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

– PhD докторант

Қарлығаш Сарекенова, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

– филология ғылымдарының кандидаты, профессор м.а.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-04-15

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі
Loading...