ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ-МӘДЕНИ СТЕРЕОТИПТЕРДІҢ ЛЕКСИКА-СЕМАНТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Кілт сөздер:
тіл, ұлттық-мәдени стереотиптер, лексика, семантикалық өріс, лингвистикалық мотивация, ағылшын тіліАңдатпа
Мақалада ұлттық-мәдени стереотиптердің этномәдени ұжымға бағыт-бағдар беру мақсатында қалыптасып, тілдер мәдениетіндегі негіздемелері мен тілдің лексикалық жүйесін ішінара қиылыстыратын өрістер жиынтығы және лексика саласындағы тиімділігі, өріс концепциясы бағытындағы лексика-семантикалық жүйенің ерекшеліктері қарастырылған. Әлеуметтік лингвистикалық мотивацияны талдау қадамдарды мен қазақ және ағылшын тіл мәдениетіндегі проксемикаларды салыстырмалы түрде зерттеу бойынша лингвистикалық мәдениеттердің бірдей еместігінің себептері және мәдениет өкілдерінің кеңістік пен қашықтықты қабылдауының әртүрлілігі талданған. Ағылшын лингвистикалық мәдениетінде проксемиканы білу және тиісті қашықтықты сақтау маңыздылығы мен олардың кеңістікті концептуализациялауда аз формальдылықты ұстанатыны, мәдени және жеке айырмашылықтарды білу және тану мәдениетаралық коммуникацияны жақсартатыны зерттелген.