МҰХТАР ӘУЕЗОВТІҢ ЭПИСТОЛЯРЛЫҚ СТИЛІНДЕГІ АНТРОПОНИМДІК ВОКАТИВТЕРДІҢ ҚОЛДАНЫСЫ

МҰХТАР ӘУЕЗОВТІҢ ЭПИСТОЛЯРЛЫҚ СТИЛІНДЕГІ АНТРОПОНИМДІК ВОКАТИВТЕРДІҢ ҚОЛДАНЫСЫ

Авторлар

Кілт сөздер:

М. Әуезов, корреспонденция, антропонимдер, эпистолярлық стиль, вокатив, жалқы есім.

Аңдатпа

Қазақ тіл білімінде жеке ақын, жазушылардың тілін зерттеген жұмыстар көптеп саналғанымен де, хат алмасуда жеке жазушының эпистолярлық тілін зерттеген ғылыми бағыттағы жұмыстар біраз қарқынмен дамып келеді. М.Әуезовтің шығармаларының елу томдық толық жинағының елуінші томында жинақталған жазушының эпистолярлық прозасы – ұлттық мәдениетіміздің ажырамас бөлігі. Жазушы ғалым ретінде, отбасы мүшесі ретінде, қарапайым адам ретінде адресаттарға жазған хаттары дара тұлғаның шығармашылық келбеті мен хат жазу стилі туралы, сол кезеңдегі тарихи оқиғалар мен жақын замандастарымен араласқан әлеуметтік ортасынан хабар береді. Мақаланың мақсаты – М.Әуезовтің эпистолярлық дискурсындағы антропонимдік вокативтерге тән ерекшеліктерді нақтылап, оның идиостиліндегі осы тілдік бірліктердің коммуникативті-функционалдық және прагматикалық қызметін анықтау болып табылады. Студенттер жазушының шығармашылығында антропонимдердің эпистолярлық жанрда вокативтік қызметте жұмсалуын, нақты мәнмәтінде қолдану ерекшелігін меңгереді, қаламгердің эпистолярлық жанрдағы жеке қолтаңбасымен танысады. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін М.Әуезовтің толық жинағының елуінші томында жарияланған хаттардағы барлық вокативтік қолданыстар жинақталып, лексика-грамматикалық ерекшеліктеріне байланысты топталды, контенттік талдау арқылы вокативтердің ортақ жасалу нұсқалары мен қолдану жиілігі нақтыланды және олардың прагматикалық қолдану ерекшелігі анықталды.

Автор туралы мәліметтер

Гүлнәр Омарбекова, Назарбаев Университеті

– филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор,

Жүктеулер

Жарияланды

2024-02-15

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі
Loading...