ШЕРХАН МҰРТАЗА НАҚЫЛ СӨЗДЕРІНІҢ ҰЛТТЫҚ СИПАТЫ ЖӘНЕ БЕРІЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

ШЕРХАН МҰРТАЗА НАҚЫЛ СӨЗДЕРІНІҢ ҰЛТТЫҚ СИПАТЫ ЖӘНЕ БЕРІЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Авторлар

Кілт сөздер:

Түйін сөздер: Шерхан Мұртаза, ұлттық құндылықтар, нақыл сөздер, әдебиет, ұлттық тәрбие, адамгершілік, т.б.

Аңдатпа

Әрбір ойды шағын, әрі қысқа қайырып жеткізу – үлкен шеберлікті қажет етеді. Бұл тұрғыда, Шерхан Мұртазаның кесек тұлға екендігі бағамдалады. Тұлға ретінде қалыптасуында рухани нәр алған бастаулары, тәлімдік идеялары мен халық жазушысы ретіндегі мазмұндық даралығының үйлесімділігін Шерхан Мұртазаның көркем шығармаларынан ғана емес, әр жылдардағы жазылған өзіндік ой-толғамдарынан айқын көруге болады. Ұлы Абай негізін салған нақыл сөздер шоғырын өзінше байытып, халық даналығынан терең сусындағанын, халықтық мәселелерді көтеруде сәтті қолдана біледі. Бұл мақалада халық жазушысы Шерхан Мұртазаның нақыл сөздерінің ұлттық сипатын зерттеудің маңыздылығы қарастырыла келе, ойшылдық, ұстаздық көзқарастарының  өзіндік берілу ерекшеліктері көрсетіледі. Атап айтқанда, исламдық теологиямен байланыстылығы, эстетикамен де астасып жатқандығы, таза қазақы этикалық ұғымдар жүйесінің еркін берілгендігі, өзіне дейінгі ұлттық  дүниетанымнан тамыр тартып, олармен сабақтасып жатқандығы, адамгершілік ой-толғамдарының өзінің өмірлік тәжірибесімен де байланыстылығы  және қазіргі заманауи өзекті болып отырған тәрбиелік құндылықтарға тікелей байланысты құрылғандығы, т.б. Жазушылық пен қайраткерлікті қатар алып жүріп, ұлт жанашырына айналған Шерхан Мұртазаның  нақыл сөздерінің ұлттық тәрбиедегі маңызы  түрлі рухани негіздер арқылы дәйектелді.  Кейбір тәмсілдері мен нақыл сөздерінің халық арасында жиі қолданылып, өзіндік афоризмге айналғандығы ондағы маңызды ұлттық мәселелерге қатысты екендігі ғылыми негізделеді.

 

Авторлар туралы мәліметтер

*Каракоз Тамабаева, Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты

– филология  ғылымдарының кандидаты,  доцент

Динара Райымбекова, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

– педагогика магистрі, аға оқытушы

Алтынкуль Жанказы, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

– педагогика магистрі, аға оқытушы

Жүктеулер

Жарияланды

2023-09-14

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиеттану
Loading...