АҚЫТ ҮЛІМЖІЛҰЛЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ӘДЕБИ-ФОЛЬКЛОРЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯ

АҚЫТ ҮЛІМЖІЛҰЛЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ӘДЕБИ-ФОЛЬКЛОРЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯ

Авторлар

Кілт сөздер:

әдебиет, фольклор, фольклорлық поэтика, фольклорлық дәстүр, әдеби-фольклорлық интеграция.

Аңдатпа

Қазіргі қазақ әдебиетінің өзекті мәселелерінің бірі – өзінің тарихи отанынан тысқары жерде туып, қалыптасып, дамып отырған көркем әдебиеттің кешегісі мен бүгінін сарапқа салып, даму үрдісін саралап, зерттеп, болашағын барлау, бүгінгісіне баға беру, оның басты өкілдерін айқындау. Қазақ әдебиеті тарихи тамыры тереңге кеткен мәуелі алып бәйтерек  десек,  онда  әр  елде,  әр  жерде  өздерінің  жергілікті һәм аймақтық ерекшеліктерімен дараланатын қазақ әдебиеті оның жемісті, сан салалы алтын бұтағы екеніне дау болмаса керек. Сондықтан да алыс-жақын шетелдердегі мәдени-әдеби бай мұраларымызды дер кезінде, уақыт оздырмай зерттеу, жинастыру ұлттық қажеттіліктен туындап отыр.

Ақыт Үлімжіұлы – қазақ тарихында көзі тірісінде бірнеше кітап шығарған адам. Ол – Абай, Шәкәрім деңгейіндегі ұлы ақын һәм ағартушы.

Қазақ халқының ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі салт-дәстүрін, әдебиетін, мәдениетін, дінін, тарихы мен пәлсапасын, психологиясын танытуда Ақыт Үлімжіұлының еңбектерінің қосар үлесі мен маңызы аса зор болса керек. Ақын сол кезеңнің тарихи себептеріне байланысты Қытайдың Шынжаң өлкесі мен Моңғолияның Бай-Өлке аймағында алма-кезек өмір сүрді. Оның туындыларында осы екі аймақты мекен еткен қазақ халқының өмір тіршілігі, діл-діні, жай-күйі, болмыс-бітімі, салт-санасы, дүниетанымы көрініс тапқан.

Міне, осы бағытта қазақтың бас ақыны Абайдан кейін орын алатын ғұлама ақын, ағартушы-ұстаз, қоғам және діни қайраткер, жазба әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі Ақыт Үлімжіұлының өмірдеректерін анықтадық. Оның әдеби бай мұрасын, ұлттық ұстанымын саралап, Ақыт шығармаларының фольклорлық қырын ашып көрсетпек болдық. Атап айтсақ, бұл мақала А.Үлімжіұлының туындылары мен фольклорлық поэтиканың қабысу мәселесіне арналады. Фольклоризм, фольклорлық тұтастану заңдылықтарының орын алуын қарастыру, фольклорлық мотивтердің көріністерін саралау ісі зерттеудің мақсат-міндеттеріне негіз болып отыр.

Авторлар туралы мәліметтер

*Дәулеткерей Кәпұлы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

аға оқытушы

Гүлназ Сағынадин, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

– философия докторы (PhD), доцент

Жүктеулер

Жарияланды

2023-04-15

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиеттану
Loading...