ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІГІ

ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІГІ

Авторлар

Кілт сөздер:

қазақ прозасы, реминисценция, тарихи реминисценция, өмірбаяндық реминисценция, образ

Аңдатпа

Қазақ қоғамында орын алып жатқан түбегейлі өзгерістер әлеуметтік рухани өмірімізді жаңа бір белеске шығарды. Кеңес кезіндегі саяси шектеуден, социалистік реализм құрсауынан босаған қазақ көркем сөзі алғашында бірден жол тауып кетпегені де рас. Мұның өзі әдебиетші қауым арасында «қазақ әдебиеті тоқырауға ұшырады, бүгінгі заманның жедел даму қарқынына ілесе алмай қалды» деген пікірлердің туындауына себепкер болды. Алайда, әдебиеттің барлық жанрларында, әсіресе шығармашылық толғанысы ұзаққа кететін проза жанрында да уақыт көшінен қалмай, жаңа заман талабына сәйкес келетін тың тақырыптарды мен сюжеттерді негіз еткен шығармалар жазыла бастады.

Мақалада Т. Шапай, Қ. Түменбай, А. Алтай сынды жазушылардың шығармашылығы негізінде қазіргі қазақ прозасының тақырыптық және көркемдік әлемі қарастырылады. Мақала авторлары соңғы жиырма жыл ішінде жазылған прозалық шығармаларда қаламгерлердің ұлттық ауқымдағы шеберлік нақыштарымен ғана шектелмей, әлем әдебиетіндегі көркемдік үрдістерді жаңғырта білгендігіне назар аударады. Сондай-ақ, қазіргі қазақ прозасындағы ұлттық идеяның әлеуметтік талдау арқылы көркем бейнеленуі жан-жақты талданады. Қазақ халқының жадын жаңаша толықтырған «қасқыр-бөрі», «ағаш-бәйтерек», «үй-Отан-туған жер», т.б. ұғымдар әр қаламгерде түрліше көркемдік мәнге ие болғандығын нақты тілге тиек етіледі.

Тәуелсіздік тұсында жаңғырған «жабық» тақырыптардың бірі – Желтоқсан тақырыбының қазіргі қазақ прозасында көрініс тапқандығы көтерілісінен кейінгі қиын кезеңді арқау еткен Қ. Түменбайдың  «Қобыз мұңы» әңгімесі мен осы оқиғаны астарлы түрде жеткізген А. Алтайдың «Қаладағы құтпандар» повесіндегі тақырып, образ, көркемдік әдіс-тәсіл ерекшеліктері қарастырылады. Жазушы А. Алтайдың «Қаладағы құтпандар» повесі мәтіндегі интермәтінділік элементтерді, соның ішінде, реминисценция әдісін анықтау арқылы талданады. Зерттеушілер көркем мәтінді талдау негізінде тарихи-әлеуметтік, өмірбаяндық реминисценциялардың барын анықтайды және өз тұжырымдарын мысалдар арқылы дәйектеп отырады. Мақала авторлары шығармадағы ХХ ғасырдың аяғында қазақ қоғамында орын алған нақты тарихи фактілерге сілтеме түрінде ұсынылған тарихи-әлеуметтік реминисценциялардың шығарманың көркемдігін күшейтіп тұрғандығын және баяндаудың тарихи-әлеуметтік алғышарттарын жасайтындығын, ал өмірбаяндық реминисценциялардың шығармада іргелі болып табылатындығын және бірінші кезекте автордың өмірінде орын алған нақты оқиғалармен байланысты екендігін анықтайды.

Қазіргі қазақ прозасындағы мистикалық прозаға тән, фольклорлық ой-сананың жаңаша пішінін қабылдау кез келген оқырманға оңай болмасы анық. Ал, әрбір жаңа образ бен көркемдік амал-әдістің тереңіне бойлап, сараптау, оның көркем шығарма мәтініндегі, мәтіннен тыс тұрған құпияларына бойлау – ғылыми мақаланың ең өзекті мәселесі.

Автор туралы мәліметтер

Айман Тоқсамбаева, Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

– филология ғылымдарының кандидаты, профессор

Жүктеулер

Жарияланды

2022-11-03

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиеттану
Loading...