СӨЙЛЕМ ҚҰРАМЫНДАҒЫ ЫҢҒАЙЛАСТЫРУШЫ ЭЛЕМЕНТТЕР

СӨЙЛЕМ ҚҰРАМЫНДАҒЫ ЫҢҒАЙЛАСТЫРУШЫ ЭЛЕМЕНТТЕР

Авторлар

Кілт сөздер:

Цетера, ыңғайластық қатынас, тең дәрежелі байланыс, цетера, тантум, жалпылауыш сөз, ортақ элемент, бірыңғай мүше, синтаксис.

Аңдатпа

Функционалдық-синтаксистік қатынастардың бірі – ыңғайластық қатынас. Оның сөйлем құрамындағы негізгі межесі – бірыңғай мүшелер. Қазақ тіл білімінде бірыңғай мүшелер арасындағы қатынас біраз зерттелсе де, тиісті деңгейде ескерілмей жүрген ыңғайластырушы элементтер бар. Бұған дейін қазақ тіл білімінде қарастырылмай келген «цетера», «тантум» сияқты сөйлем құрамындағы ыңғайластырушы элементтер  бірыңғай мүше категориясы аясынан шығып, жеке тілдік бірлік ретінде қарастырылып, түрлі аспектіде зерттелгенде ғана синтаксистік жүйедегі орнын табады. Бұған дейін цетера қызметін атқарушы сөздер жалпылауыш сөздер қатарына жатқызылып келген. Шын мәнінде, жалпылауыш элементтер тек салалас элементтерді ғана жалпылайды. Цетера сөйлемнің бірыңғай мүшелеріне жақын, бірақ онымен бірдей емес, себебі ол салалас элементтерден бөлек өмір сүре алмайды және тек қана әрекеттің не құбылыстың көп екенін нұсқайды. Цетера ортақ элемент те, жалпылауыш сөз де емес. Оның салалас құрылымдағы қызметі мүлде басқа. Цетерадағы ұқсастық мәні эксплицитті және имплицитті жолмен берілуі мүмкін. Мақалада осындай ыңғайластырушы элементтер мен жалпылауыш сөздің ара-жігін ажыратып көрсетіліп, сараланады. Сондай-ақ, олардың сөйлемде берілу жолдары талданып, сөйлемдегі қызметі анықталады.  

Түйін сөздер: ыңғайластық қатынас, тең дәрежелі байланыс, цетера, тантум, жалпылауыш сөз, ортақ элемент, бірыңғай мүше, синтаксис.

Авторлар туралы мәліметтер

*Жантас Жакупов, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

– филология ғылымдарының докторы, профессор

Олжас Амандыков, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

– PhD докторант

Жүктеулер

Жарияланды

2023-04-15

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі
Loading...