АБАЙДЫ АРДАҚТАУ ТОРҒАЙ БОЙЫНДА АХМЕТТЕН БАСТАЛҒАН

АБАЙДЫ АРДАҚТАУ ТОРҒАЙ БОЙЫНДА АХМЕТТЕН БАСТАЛҒАН

Авторлар

Кілт сөздер:

Қазақтың бас ақыны, поэзия, көркемдік ерекшелік, «Әдебиет танытқыш», сөз өнері.

Аңдатпа

Мақалада торғай ақындық мектебі өкілдерінің Абай ақынды тануы жайында талдау жұмыстары жүргізілген. Абай Құнанбайұлын ардақтауда Ахмет Байтұрсынұлының еңбегін зерделенген. Сонымен қатар қазақ халқының ғана емес, жалпы адамзаттық тұлғаға айналған, ағартушы, жазушы Ыбырай Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясы» еңбегіне кірген ақындардың өлеңдерін, Ахмет Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқыш» еңбегінде талдаған өлеңдері сараланған.

Өлең сөздің қадір – қасиеті жайлы толғаулы ой қозғаған алғашқы мақала А. Байтұрсынұлы қаламынан шықты. Онда Абай шығармашылығына көркемдік-эстетикалық баға беріліп, қазақ әдебиетіндегі болашақ абайтанушыларға жол көрсетілгендігі туралы мақалада ашып талданған.

Торғай ақындық мектебі өкілдері мен жазушы, журналистер Ұлы ақын Абай шығармашылығын насихаттаудағы еңбектері баяндалады. Торғай өңірінен түлеп ұшқан шығармашыл тұлғалар Міржақып Дулатұлы, Әбіқай Нұртазаұлы, Сырбай Мәуленов, Ғафу Қайырбеков және тағы басқа Абай Құнанбайұлына арнап өлеңдер, мақалалар арнағандығы хаһында тың деректер келтіріп, әдеби пайымдаулар жасалған.

 

Авторлар туралы мәліметтер

Серікбай Оспанов, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті

– филология ғылымдарының кандидаты, профессор

Күлзада Мырзағалиева, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті

– филология ғылымдарының кандидаты, профессор

Аслан Алимбаев, Еуразия гуманитарлық институты

– философия докторы (PhD), доцент

Жүктеулер

Жарияланды

2022-07-10

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиеттану
Loading...