АЗ-ЗАМАХШАРИДІҢ «МУҚАДДИМАТ АЛ-АДАБ» СӨЗДІГІНДЕГІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІНІҢ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ҚОЛДАНЫСЫ

АЗ-ЗАМАХШАРИДІҢ «МУҚАДДИМАТ АЛ-АДАБ» СӨЗДІГІНДЕГІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІНІҢ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ҚОЛДАНЫСЫ

Авторлар

Кілт сөздер:

Аз-Замахшари, «Мукаддимат аль-Адаб»;, тюркский словарь, тюркология, казахский язык, словосочетание

Аңдатпа

Мұхаммад Әз-Замахшари – өз заманының ірі тарихшысы, географы, әдебиеттанушысы, лингвисі, педагогы және ақыны. Қазіргі тілмен айтқанда қоғам қайраткері, кейінгі ұрпаққа логика, грамматика, дін, сөздіктер, әдебиет, әдебиеттану, педагогика, тарих және географияға арналған жұмыстар қалдырған. Аз-Замахшаридің бізге алпысқа жуық еңбектері жеткен. Оның ұрпаққа  қалдырған асыл мұраларының бірі –  «Мұқаддимат әл- Адаб»  атты еңбегі. Осы мақалада Аз-Замахшаридың «Мұқаддимат әл- Адаб» атты еңбегіндегі сөз тіркестерінің құрылымы туралы айтылады. Әлемдегі бірегей төрт тілді араб-түркі-моңғол шығармасының қолжазбасы қазіргі уақытта Ташкенттегі Әлішер Науаи атындағы әдебиет мұражайында сақтаулы тұр.

Зерттеушілердің айтуынша ғұламаның «Мұқаддимат әл-Адаб» араб-парсы-түрік-монғол тілдерін қамтығанымен түркі бөлімі аяқталмаған. Сөздіктің қазіргі екі тілдік сөздіктерден айырмашылығы, біріншіден, оның бірнеше тілді қатар алып отыруында болса, екіншіден тек сөздер тізбесін емес, оны сөз тіркестерімен қоса отырып жасаған. Осы мақалада «Мұқаддимат әл- Адаб» сөздігіндегі сөз тіркестері туралы айтылады. Олардың берілу құрылымдары көрсетіледі. Cөз тіркестерінің қазіргі қазақ тіліндегі сөз тіркестерімен ұқсастығы салыстырылады. Сөздікте сөз тіркестері түбірлі ұяшық арқылы берілген. Бұл жағына келгенде мұсылман өркениеті кезеңінде жасалған сөздіктердің құрылымына сәйкес келетіндігі анықталып отыр. Орта ғасырлардағы сөздіктердің көбінде сөздер мен сөз тіркестері араб тілінің фонетикалық құрылымына ұқсас ұяшықтар (модельдер) арқылы құрастырылған. Алдымен сөз түбірі көрсетіледі де, сол сөзден жасалған тіркес беріледі. Сөздер мен сөз тіркестері мағаналарына емес, сөздің сыртқы формасына қарай реттелген. Сөздікте тұрақты сөз тіркестері де берілген. Бірақ олардың аудармаларында аударылған тілдегі тұрақты тіркеске сәйкестендірілмегендігі байқалады. Бір түбірден бірнеше сөз құрастырып, олардан құралған әртүрлі сөз тіркестерін шоғырландырған. Бір сөздің аясында құрастырылған сөз тіркестері бір топ ретінде жинақталған. Осы бағыт бойынша мақалада сөздіктерден алынған тіркестер көрсетіледі. Бұл мақалада жинақталған материалдар сөздіктегі тіркестерге жалпы сипаттама ретінде айтылады. Болашақтағы зерттеулерімізде олардың фонетика-морфологиялық аспектісімен бірге қарау жоспарланып отыр.

Авторлар туралы мәліметтер

*Жазира Ағабекова, Назарбаев Университеті

– филология ғылымдарыныңкандидаты, ассистент профессоры

Шапағат Жалмаханов, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

филология ғылымдарының докторы, профессор

Жүктеулер

Жарияланды

2023-04-15

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі
Loading...