ҚАЗАҚ КӨРКЕМ ПРОЗАСЫН БЕЙІМДЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ (А. НҰРПЕЙІСОВТІҢ "СОҢҒЫ ПАРЫЗ" РОМАНЫНЫҢ ТІКЕЛЕЙ ЖӘНЕ ЖАНАМА АУДАРМАЛАРЫ МЫСАЛЫНДА)

ҚАЗАҚ КӨРКЕМ ПРОЗАСЫН БЕЙІМДЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ (А. НҰРПЕЙІСОВТІҢ "СОҢҒЫ ПАРЫЗ" РОМАНЫНЫҢ ТІКЕЛЕЙ ЖӘНЕ ЖАНАМА АУДАРМАЛАРЫ МЫСАЛЫНДА)

Авторлар

Кілт сөздер:

қазақ прозасының аудармасы, бастапқы мәтін, тікелей аударма, жанама аударма, орысша делдал аударма, аударма бейімделуі, аударма трансформациясы

Аңдатпа

Тілдік делдалдарға деген қажеттілік ежелгі уақытта пайда болған. Бұл қоғамның географиялық және лингвистикалық жағынан алыс қауымдастықтар арасында мәдени, сауда, саяси және басқа байланыстар орнату қажеттілігінен туындады. Жанама аударма жаһандық тіл арқылы "кіші немесе аймақтық" тілдер арасында көпір ретінде қызмет етті.

Қазіргі әлемде делдалдық аударма адам өмірінің әртүрлі салаларында өзара әрекеттесудің кең таралған түрі болып қала береді. Халықаралық байланыстардың жаһандануына байланысты халықаралық конференциялар, форумдар ұйымдастыру барысында коммуникация халықаралық тілдер арқылы жүзеге асырылады.

Мақаланың мақсаты: А. Нұрпейісовтің "Соңғы парыз" роман-дилогиясының орыс тіліне тікелей аудармасын және ағылшын тіліне жанама аудармасын салыстырмалы-салғастырмалы талдау арқылы қазақ көркем прозасын бейімдеу тәсілдерін қарастыру.

Міндеттері: 1) қазіргі аудармадағы бастапқы мәтінді, делдал мәтінді және нысаналы мәтінді салыстырмалы-сағастырмалы талдау тәсілдерін жинақтау және негіздеу; 2) жанама аудармалардың пайда болу себептерін, ерекшелігін және рөлін айқындау; 3) екі аудармада пайдаланылған стратегиялар ретінде аударма трансформациялары мен тәсілдерін анықтауға бағытталған құрылымдық-жүйелік талдауды жүзеге асыру, жазушының авторлық стилін бейнелеу үшін олардың орындылығы, маңыздылығы мен объективті қажеттілігін анықтау.

Сонымен қатар, авторлар аудармалардың түпнұсқаға сәйкессіздігін анықтау үшін, қарастырылып отырған фрагменттердің өзіндік аудармаларын ұсынады.

Зерттеу нәтижелері лингвистика, аударма, лингвомәдениеттану, әдебиеттану саласындағы мамандар үшін құнды.

Авторлар туралы мәліметтер

*Айнур Альжанова, Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

– докторант

Жаннат Балмагамбетова, Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

– доктор филологических наук, профессор

Жүктеулер

Жарияланды

2024-02-15

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиеттану
Loading...