АҚЫН Ұ.ЕСДӘУЛЕТ ӨЛЕҢДЕРІНДЕГІ ДЫБЫСТЫҚ ҚАЙТАЛАУЛАР
Кілт сөздер:
поэзия, ақын, аллитерация, ассонанс, метафора, Ұ.ЕсдәлетАңдатпа
Мақалада Ұ.Есдәулет «Ғұмыр жас» жинағына енген шығармаларындағы дыбыстардың қайталануы және үстемелене қолданылуы нысанға алынды. Дыбыс ұйқасының өлеңге берері көп. Ол өлең тармақтарының басында не ортасында келіп, өлеңге айырықша сипат береді.
Дыбыс сәйкестігі, дыбыс ұйқастығы Ұ.Есдәулет өлеңдерінің поэтикалық қуатын арттырып отырады. Сондай-ақ, ақын ажар беретін негізгі күштің бірі екеніне көңіл бөлгендігін осы өлең жолдары арқылы талдап бердік.
Халықтық үлгілерінің бұл түрі, Ұ.Есдәулет өлеңдеріне де өзгеше бір үнділік дарытады. Жоғарыда келтірілген өлең жолдарындағы дыбыстық қайталануы өлеңнің ақындық пафосын сараладық.
Ақын шығармаларындағы сөз және сөз жиілігі, олардың қолдану ерекшелігін талдау арқылы көркемдік сипатын аша білдік. Поэзиялық мәтін арқылы ұлттық тіл қазынасын толтырып, жаңа бояу, кестелі сөз тіркестер түзе отырып, поэтикалық жаңа леп әкелді.
Поэтикалық шеберлік тұрғысынан сөз еткенде, ақынның тіл қазынасындағы қарапайым, жатық сөздердің өзінен жаңа дүниені туғыза алған суреткерлік талғампаздығын пайымдадық. Ол көркем поэтиканы ашуда тіл құралдарының ең лайықтысын таңдап алады да «жұп-жұмыр өнер» туындысын жасайды. Мұнда сөздердің эстетикалық мәнінің түрленіп қолданылу мүмкіндігін ақын шеберлікпен талғай алады. Осы арқылы ақын образдылықтың көркем үлгілерін жасайды.