КӨРКЕМ ШЫҒАРМА ҚҰРЫЛЫМЫНДАҒЫ ТҮС КӨРУ МИСТИКАЛЫҚ МОТИВ РЕТІНДЕ

КӨРКЕМ ШЫҒАРМА ҚҰРЫЛЫМЫНДАҒЫ ТҮС КӨРУ МИСТИКАЛЫҚ МОТИВ РЕТІНДЕ

Авторлар

Кілт сөздер:

түс, түс көру, мотив, көркем мәтін, миф, психологизм, К.Мүбарак, О.Бөкей, Ш.Бейсенова, мистика.

Аңдатпа

Бұл мақалада әдебиеттегі психологизм мәселесіне келгенде зерттеушілердің назарын аударатын көркемдік тәсілдің бірі – түс көру мотиві қарастырылады. Зерттеу мақаласында қай халықтың болмасын фольклорынан келе жатқан, мифологияда да ерекше орны бар бұл мотивті қазақ жазушылары да шебер қолданғаны көрсетіледі. Түс көрудің нақты себебі бүгінгі күнге дейін анықталмаған болса да, оның көркем шығарма құрылымына енгізілуі әдебиеттанудағы күрделі мәселе екендігі дәлелденеді.

Мақала нысанына қазақ және ағылшын тілінде жазылған прозалық шығармалар алынды. Оның ішінде түс көру мотиві арқылы автордың идеясын ашу мәселесі қарастырылған. Бұл мәселе кейіпкердің ішкі әлемін терең сипаттау үшін қолданылғаны анықталды. Сондай-ақ қаламгерлер бұл әлемнен тыс тылсымның бар екенін көрсетуге тырысқан. Мақалада тылсым күштің көп жағдайда адамдарды сақтандыруға, жамандықтан қорғауға талпынысын түс көру мотиві арқылы көрсеткендігі жазылған. Қаламгерлер шығармаларына мистикалық мотивтерді енгізе отырып, кейіпкерлерін күтпеген жағдайға салады. Сол арқылы олардың шынайы мінезін ашуға тырысады. Мақала авторлары қаламгерлердің мистикалық мотивтерге көбірек жүгінуі адамның ирреалды әлемге деген қызығушылығының және өз ақыл парасатының сыртында не тұрғанын анықтауға деген талпынысының артып келе жатқандығынан екендігін көрсеткісі келген.

Бұл мақалада қазақ және ағылшын жазушыларының шығармаларында қолданылатын мистикалық элементтер, атап айтқанда, түс көру мотиві салыстырыла-салғастырыла талданады. Түс көрудің мифологиядағы және фольклордағы мәніне түсініктеме беріледі.

Авторлар туралы мәліметтер

Сауле Мусабекова, Назарбаев университеті

– филология магистрі

Жанат Аймұхамбет, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

– филология ғылымдарының докторы, профессор

Алмаз Мирзахметов, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

– философия докторы (PhD), оқытушы

Жүктеулер

Жарияланды

2022-11-03

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиеттану
Loading...