*ҚАЗАҚСТАН ТОПОНИМДЕРІНІҢ ДИАХРОНИЯСЫ (ТӘУЕЛСІЗДІК КЕЗЕҢІ))

*ҚАЗАҚСТАН ТОПОНИМДЕРІНІҢ ДИАХРОНИЯСЫ (ТӘУЕЛСІЗДІК КЕЗЕҢІ))

Авторлар

Кілт сөздер:

топоним, әлеуметтік маңыз, диахрония, топтастыру, экстралингвистикалық фактор.

Аңдатпа

Мақалада Қазақстан Тәуелсіздігін алғаннан бергі топонимдердің өзгеруі, бұрмаланған атаулардың түзетілуі, ұлттық танымға сай бұрынғы тарихи атаулардың қайтарылуы, бейтарап атаулардың халықтың әлеуметтік жағдайы мен атау талғамы бойынша танымын айқындайтын зоотопонимдермен алмастырылуы сияқты үдерістерді қарастыру көзделген. Қазақстан топонимдерінің өзгеру үдерісінде орын алған уәждер топтастырылып, оның топоқорды құрудағы маңызы айқындалған.

Мақаланың мақсаты – Қазақстан топонимдерінің өзгеру үдерісін айқындап, бірнеше облыс негізінде мағыналық статистикасын көрсету, топонимдер диахрониясына негіз болған уәждерді топтастыру, себебін анықтау. Топонимдер диахрониясындағы әлеуметтік, лингвистикалық, психологиялық уәжге қатысты ақпаратқа талдау жүргізу, ғылыми негіздемесін әзірлеу, жүйелеу.

Зерттеу әдістері: статистикалық әдіс, типологиялық әдіс, дескриптік тәсіл, концептуалды, компоненттік (семантикалық) талдау. Зерттеу жұмысы лексика-семантикалық, когнитивтік бағытта орындалған.

Топонимдердің өзгеру үдерісін анықтау барысында Қазақстан топоқордың толығу бағыты мен берер ақпаратының әлеуметтік мәні халықтың тұрмыс-тіршілігі мен рухани дамуына маңызды факторларды ашуға себеп болады.

Мақаланың практикалық маңыздылығына оның негізгі нәтижелерін әлеуметтік лингвистика, ономастика, когнитивтік лингвистика, лингвомәдениеттану тәрізді теориялық курстарда, сондай-ақ қазақ тілін оқыту парктикасы үшін семинарларда қолдануға болатыны жатады.

Автор туралы мәліметтер

Сауле Иманбердиева, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті

– филология ғылымдарының докторы, профессор

Жүктеулер

Жарияланды

2024-09-30

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі
Loading...