МӘШҺҮР ЖҮСІП ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ АЗАТТЫҚ РУХ
Кілт сөздер:
құндылықтар, рухани байлық, Ұлы даланың ұлы есімдері, әдебиет, ғылым, мұраАңдатпа
Бұл мақалада шежіреші, тарихшы, ақын, этнограф Мәшһүр-Жүсіптің мұраларындағы жалпыадамзаттық құндылықтар қарастырылады. Ақын еңбектеріндегі адами құндылықтарды тану, оны зерделеу, заман талабына сай насихаттау кейінгі ұрпақ үшін маңызды. Мақалада адами құндылықтардың адамзат өміріндегі маңызы мен мәні айтыла отырып, Мәшһүр-Жүсіптің мұраларындағы жалпыадамзаттық құндылықтар қазіргі заман көзімен талданады.
Мақаланың кіріспе бөлімінде: Мәшһүр Жүсіптің қай жерде, қашан туылғаны, қалай ержеткені қысқаша баяндала отырып, әдебиет әлемінде Жүсіп Баласағұн, Ахмет Йгүнікей, Сүлеймен Бақырғани, Рабғұзи, Құтып, Хорезми, Хұсам Кәтіп, Сейф Сарай шығармаларымен үндестік тапқаны айтылады. Өмірде не құнды деген сұраққа жауап іздейді.
Мақаланың негізгі бөлімінде: Мәшһүр Жүсіптің мұраларындағы ұлттық құндылықтар саралана отырып талданады. Оның шығармаларында нәпсіні тізгіндеп, кемелділікке қарай ұмтылуға, шақырғандығы мысалдар арқылы беріледі. Ақын шығармалары ұлт таңдамайтыны, жалпыадамзаттық құндылықтар бағытында екені шығармалары арқылы дәлелденеді. Мәшһүр Жүсіптің философиясындағы ең маңызды ұғымдардың бірі – адамды сүю екені сөз болады. Мәшһүр Жүсіп құндылықтарға жалпыадамзаттық тұрғыдан қарай отырып, адамның діні, тілі, ұлты кім болса ол болсын, бәрі адам деген көзқарасты ұстанады. Сол көзқарастағы еңбектері мақаланың негізгі бөлімінде барынша ашылады.
Мақаланың қорытынды бөлімінде: Мәшһүр Жүсіп өлеңдерінің негізгі ойы – адамгершілік, әділдік, ақылмен іс қылу, адами болмысты сақтау болғандығын шығармалары арқылы дәлелдей отырып, қазақ ұлтының ерекше болмысын ашып, сол болмыстың жоғалмауына, намыстың төмендемеуіне, ардың кірлемеуіне шақырғанын шығармаларымен түйіндейді.
Ақынның шығармалары таза ойлауға, ой салуға, өзіңді тәрбиелеуге еріксіз итермелейтінін мысалдармен дәлелдейді. Ұлттық құндылықтардың адамзат өміріндегі маңызы мен мәні оның алатын орны талданады. Ұлттық құндылық - елдің асыл арқауы екенін көрсетеді.