ОҚУШЫЛАРДЫҢ АЙТЫЛЫМ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Кілт сөздер:
айтылым мәдениеті, сөйлеу мәдениеті, лингвистика салалары, функционалдық сауаттылық, лингвомәдениеттануАңдатпа
Мақалада оқушылардың айтылым мәдениетін қалыптастырудың лингвистивалық аспектілері қарастырылады. Тіл қабаттарының айтылым мәдениетінде атқаратын өзіндік рөлі айқындалады. Шетелдік, отандық тілші ғалымдардың, әдіскер ғалымдардың еңбектеріне шолу, талдау жұмыстары жүргізіледі.
Тілдің жаңа бағыттары аясында сөйлеу мәдениетінің тілдік көріністерін, оны оқушы бойында дамытуда қолданылатын, басшылыққа алынатын негізгі ұстанымдар мен әдіс-тәсілдер туралы сөз қозғалады. Мақалада Н.Уәли, Б.Қалиұлы, М.Балақаев, Ф.Оразбаева, Ж.Дәулетбекова және т.б. ғалымдардың өз ғылыми еңбектерінде білдірген пікірлеріне тоқталамыз. Оқушының сөйлеу мәдениетін қалыптастырып, дамытуда оның тұлғалық мәдениетінің деңгейі де саралануы тиістігі дәйектеледі. Сөз мәдениеті мен тұлғалық мәдениет байланысы, тілдік тазалық пен тілдесім әрекеті, әдеби тілдік норма, тіл мәдениеті сынды ұғымдарға тоқталып, олардың өзара байланысын зерделейтін боламыз. Сөз мәдениетінің қазақтың ұлттық құндылықтарының бірі екендігін дәйектелетін болады. Жалпы тілдік материалдар, сөздік қордың дұрыс пайдаланылуы турасында пікірлерге тұжырымдар жасалады.
Тілдің грамматикалық, лексикологиялық, фразеологиялық қабаттарының оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастырып, дамытуда атқаратын рөлі өте зор екендігін де естен шығармауымыз керек. Себебі, тіл қабаттарының негізгі заңдылықтары мен ережелерін жақсы түсініп, ұғынатын оқушы айтылым мәдениетін де жоғарылата алады деп есептеуге болады. Әрине, тілдік емес факторлардың әсерлерін де жоққа шығара алмаймыз. Десек те, лингвистикалық қабаттардың сөйлеу мәдениеті ұғымына тікелей қатысы бар екендігі – бұлжымайтын аксиома. Жалпы ғылыми жұмыстармен айналысу барысында, яғни белгілі бір мәселенің шешімін, әдістемесін жасар алдында, бұл мәселенің теориялық және әдіснамалық негіздерін айқындап алу басты шарттардың бірі. Сондықтан осы мақаламызды оқушылардың айтылым мәдениетін қалыптастырудың лингвистикалық негіздерін айқындауға арнап отырмыз.