РАХМАНҚҰЛ БЕРДІБАЙДЫҢ ӘДЕБИ ЗЕРТТЕУЛЕРІ ЖӘНЕ КӨЗҚАМАН ТУРАЛЫ АҢЫЗ
Кілт сөздер:
әдеби зерттеу, көзқаман, қазақ әдебиеті, фольклор, мәдениет.Аңдатпа
Мақалада есімі түркі әлеміне танымал, тұлға әдебиет зерттеушісі, түркітанушы ғалым Рахманқұл Бердібайдың әдеби зерттеу еңбектері, әр жылдарда қоғамның назарын аударған, ұлттық сананы оятуға септігін тигізген зерттеу мақалалары талдауға алынған. Ғалымның ғылыми зерттеу еңбектері ғылыми тереңдігімен, жаңашылдығымен, қоғамдағы өзекті мәселелерді дер кезінде көтере білгендігімен ерекшеленеді. Ұлттық, жалпы адамзаттық идеалдар биігіне көтерілген ғалымның зерттеу еңбектері өзінің лайықты бағасын алып та қойған. Мақалада автор Рахманқұл Бердібайдың қазақ әдебиеттану ғылымы үшін маңызды әдеби зерттеу еңбектері мен қатар азаматтық ұстанымын танытқан проблемалық мақалаларына арнайы тоқталады. Жеке адамға табынушылық сыналып жатқан А. Хрущевтің «Жылымығы» тұсында, 1956 жылы қазақ тілінің қоғамдағы мүшкіл халін көтерген, соңы автордың қудаланып, Қазақ әдебиеті газетіндегі қызметінен шығарылып, партиядан қуылуына себеп болған «Ең үлкен мәдени байлық» атты мақаласына жан-жақты талдау жасайды. Сонымен қатар ғалымның қоғамдағы рухани дерттермен күрескен қайраткерлік ұстанымдарына назар аударады. Р. Бердібай еліміз тәуелсіздік алған алғашқы жылдары халықтың ұлттық санасын жаңғырту, рухын ояту мақсатында ғылыми-көпшілікке арнаған мақалалар жазды. Сондай елдің назарын аударып, қоғамға ой салған ғалымның «Көзқаман туралы аңыз» атты мақаласы да осы зерттеудің басты нысаны болды. Мақаланың идеялық мақсаты, көзқаман деген ұғымның жеке категория ретінде ғылыми айналымға енгізілуі мақалада зерттеліп, зерделенеді.