*АБАЙ ҚАРАСӨЗДЕРІНДЕГІ АДАМ МІНЕЗДЕРІНЕ ТЕЗАУРУСТЫҚ ТАЛДАУ
Кілт сөздер:
әдебиеттану, Абай қарасөздері, тезаурус, мінез, концепт, контекст, семантика, квинтэссенцияАңдатпа
Мақалада Абай Құнанбайұлының қарасөздерінің тезурустық қабаты қарастырылады. Абай шығармалары – ізі өшпес асыл мұра, әдебиеттің негізгі константы. Осындай асылдан үлгі алып, шығармаларынан рухани сусындау жеке тұлға үшін ғана емес, ұлт келешегі үшін де азық болмақ. Бірақ қазіргі оқырман үшін Абай тілін түсіну, ұғыну қиынға соғуда. Бұл – хакім шығармалары мен ондағы ойдың қаншалықты салмақты екенінің көрсеткіші. Бірақ бұл Абай тілі ауыр, түсініксіз дегенге сыймайды. Ахмет Байтұрсынұлының Абайды түсіну үшін оқырман көзқарасы мен дүниетанымының кеңдігі қажеттігін де баса айтуы содан шығар. Бұл үшін, әуелі, Абай шығармаларының негізгі өзегін жете түсіну керек. Осыны негізге ала отырып, Абай қарасөздерінің тезаурустық мәнін ашпақпыз.
Тезаурус – лексикалық жүйенің ең жақын интерпретациясы. Сондықтан объекті болып отырған сөздің түсінігін тереңдей ашу үшін синонимдік, антонимдік, тіпті гиперонимдік қатары да тізбектей көрсетіледі. Оның жеңіл, ұғымды болуы үшін негізді талдау теориясынан өзгеше практикалық тәсілге жүгіндік. Тезаурустық талдау барысында мақалада мінез аспектілері ашып көрсетіледі. Адам бойындаға мінедің пайда болуы, олардың ара-қатынасы мен байланысы жан-жақты талданады.