*АҚМОЛА ҚАЗАҚТАРЫ ФОЛЬКЛОРЛЫҚ МҰРАСЫНЫҢ ЭСТЕТИКАЛЫҚ МӘНІ

*АҚМОЛА ҚАЗАҚТАРЫ ФОЛЬКЛОРЛЫҚ МҰРАСЫНЫҢ ЭСТЕТИКАЛЫҚ МӘНІ

Авторлар

Кілт сөздер:

Кілт сөздер: Ақмола облысы, рухани мәдени мұра, этнография, Ақмола қазақтары, ғылыми-зерттеу, құндылықтар, ерекшелік, ұлттық.

Аңдатпа

Мақалада Ақмола қазақтары фольклорлық мұраларының жиналуы мен зерттелу жағдайына шолу жасай отырып, рухани құнылықтардың жастар тәрбиесіне тигізер ықпалы қарастырылады. Ақмола өңірін мекендеген халқымыздың рухани құндылықтары туралы жүргізілген ғылыми-зерттеу еңбектерге назар аударсақ қазіргі Ақмола жерін аралаған шетел ғалымдары мен отандық зерттеушілердің халқымыздың тұрмыс-салты мен этнографиялық қоныстану жағдайынан мәлімет берген естеліктерінде, Ақмола қазақтарының ауызша таралған рухани мәдени мұрасы мен өңірге ғана тән өзіндік мектептер қалыптастырған классик халық композиторларының шығармаларын халық аузынан жазып зерттегені жазылған. Ақмола қазақтарының рухани мәдени мұрасы аймақтық, этникалық қоныстану жағдайына байланысты өзіндік ерекшелікке ие. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін, Ақмола облысының елді- мекендеріне шетелден қандастарымыз көшіп келді. Келген ағайынмен бірге жоғалуға шақ қалған рухани мұраның озық үлгілері де бірге келді. Ғылыми талдауда, Ақмола жерінде тұрып жатқан байырғы елдің фольклорлық мұраларының үлгілері, қандастармен бірге келген құндылықтармен салыстырмалы қарасырылып, аймақтық-орындаушылыққа тән ортақ ерекшеліктері, ұлттық рухани тұтастық тұрғысынан тұжырымдалады. Мақалада берілген қазақтың дидактикалық қысқа жанрлары туралы тың мәлімттер, авторлардың Ақмола өңіріне жасаған ғылыми-зерттеу жұмысы барысында жиналып сұрыпталды.

Авторлар туралы мәліметтер

*Ардаби Маулет, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті

– постдокторант

Қалыбек Қобландин, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

тарих ғылымдарының докторы, профессор

Жүктеулер

Жарияланды

2024-02-15

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиеттану
Loading...