ПОЭТИКАЛЫҚ МӘТІНДЕРДЕГІ ЭМОЦИОНАЛДЫҚ-ЭКСПРЕССИВТІК БІРЛІКТЕРДІҢ ПСИХОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ СИПАТЫ
Кілт сөздер:
поэтика, тіл, мәтін, эмоционалдық-экспрессивтік лексика, психология, жан әлемі, образ, субъект.Аңдатпа
Мақалада поэтикалық мәтіндердегі эмоционалдық-экспрессивтік бірліктер қолданысының мағыналық астарындағы психолингвистикалық аспектілерін теориялық және практикалық тұрғыдан жан-жақты қарастырылады. Поэтикалық мәтіндердегі эмоционалдық-экспрессивтік бірліктер арқылы тілдегі адам факторының психологиялық әлемін тануға негізделеді. Мақаладағы эмоционалдық-экспрессивтік бірліктердің психолингвистикалық сипатын айқындау арқылы лингвопсихологиялық танымға негізделген субъектінің тұлғалық, сапалық, биофизиологиялық, психологиялық, социологиялық, этномәдени мазмұндары көркем мәтін тілі арқылы талданады. Идиоэтникалық болмыс эмоционалдық-экспрессивтік бірліктердің психолингвистикалық ерекшелігін көрсету үшін поэтикалық мәтіндерге лингвистикалық талдау арқылы көптеген тіл табиғатының қуатын көрсетуге болады. Тілдегі эмоционалдық-экспрессивтік бірліктерді зерттеудегі психолингвистикалық аспектіде қазақ тіліндегі сөз қолданыстардың астарындағы эмоцияның берілуі мен қабылдануы туралы прагматикалық құзыреттерді көрсетеді. Қазіргі лингвистикалық зерттеулердегі «тіл мен психология» мәселелеріне қатысты қазақ тіл білімінде психолингвистикалық зерттеулердің нәтижесінде тілдегі этнопсихология, индивидуалды психология, әлеуметтік психология секілді құндылықтарды тану мен танытуға негізделеді. Лингвопсихологиялық әрекеттен тілдегі сөздің қуаты мен сугестикасының үлгілері ретінде этноқауымдастықтың когнитивтік санасындағы дүние құбылыстарын тілдік тұрғыдан қабылдауы, түйсінуі, сезінуі, реакциясы секілді психофизиологиялық түсініктерді жан-жақты бейнелейді. Сондықтан да поэтикалық мәтіндердегі эмоционалдық-экспрессивтік лексикалық бірліктердің психолингвистикалық мәнін қарастыру бүгінгі күн талабынан туған, тіл мен психология, тіл мен сезім өзара тығыз сабақтастықтағы өзекті мәселелердің бірі деп саналады.