АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫ – МЫСАЛ ЖАНРЫН АУДАРУ ШЕБЕРІ
Кілт сөздер:
Абай, мысал жанры, аударма, ақын, тұжырым, әдебиет.Аңдатпа
Мақалада әлем әдебиетінің ұлы классиктері Шиллер, Гете, Байрон, А. Пушкин, И. Бунин, М. Лермонтов, И.Крылов, А. Мицкеевич туындыларын қазақ тіліне аударып, ұлттық әдебиетімізде көркем аударманы қалыптастыруға үлес қосқан Абай Құнанбайұлының мысал жанрын аударудағы шеберлігі қарастырылады. Абайдың И. Крылов мысалында берілген даналық ойлардың ұғымын сезіне отырып, өзінің төл шығармасындай аударуға күш салатыны талдаулар арқылы көрсетіледі. И. Крылов мысалдарында берілген даналық ойлардың ұғымын сезіне отырып, өзінің төл шығармасындай аударуға күш салатыны көрсетіліп, әр мысалының соңындағы ғибратты ой-тұжырымдары талдаулар арқылы беріледі. Сондай-ақ, түпнұсқа мәтіндері мен көркем аударма мәтіндерін салыстыру, түсіндіру, топтау және мәтіндік талдау әдістері қолданыла отырып, ақынның аударма арқылы орыс әдебиетінен қандай пайдалы өнеге алғандығы, оны өз шығармашылығына қолдана білгендігі айтылады.
Абай аудармаларында қолданылған трансформациялар: генерализация, конкретизация, антонимдік т.б. тәсілдер анықталынады. Көркем аудармамен айналысудағы А. Құнанбайұлының мақсаты айқындалынады. Сондай-ақ, мысал – әлем әдебиетіндегі көне жанрлардың бірі екендігі, кез келген мысал оқырманға ғибратты ой айтуды көздейтіні мысалдармен сараланады. Мысалдың шығуы, дамуы грек халқының ақыны Эзоп есімімен тығыз байланысты екені де айтылады.
Абай аудармаларында қолданылған трансформациялар: генерализация, конкретизация, антонимдік т.б. тәсілдер анықталынады. Көркем аудармамен айналысудағы А.Құнанбайұлының мақсаты айқындалынады. Сондай-ақ, мысал – әлем әдебиетіндегі көне жанрлардың бірі екендігі, кез келген мысал оқырманға ғибратты ой айтуды көздейтіні мысалдармен сараланады. Мысалдың шығуы, дамуы грек халқының ақыны Эзоп есімімен тығыз байланысты екені де айтылады.