ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ КІРМЕ СӨЗДЕР ҚОЛДАНЫСЫ
Кілт сөздер:
Әлихан Бөкейхан, кірме сөздер, араб, парсы сөздері, орыс тілі арқылы енген сөздер, тілдік норма, кітаби тіл, емле, жазу, әдеби тілАңдатпа
Қазіргі латын әліпбиіне көшу мәселесі жан-жақты талқыланып жатқан кезеңде кірме сөздерді жазу жайы айрықша өзекті болып отыр. Бұл тұрғыдан келгенде ХХ ғасыр басындағы алаш оқығандарының шет тілі сөздерін қабылдау мен оларды жазу тәжірибесін терең зерделеудің мәні зор. Өйткені кірме сөздер емлесі сол кезеңде де қызу талқыланған, көптеген пікірталастарға арқау болған тақырып. Сол себепті осы мақалада ХХ ғасыр басындағы қазақ оқығандарының ең көрнекті өкілі, алаш көсемі, ірі қайраткер-ғалым Ә.Бөкейхан еңбектеріндегі кірме сөздер қолданысы, олардың емлесі арнайы сөз болады. Әлихан Бөкейханның 15 томдық шығармалар жинағына енген еңбектерінде көптеген кірме сөздер қолданылады. Олар негізінен араб, парсы және орыс тілі арқылы енген батыс еуропа халықтары тілдерінің сөздері, кең тараған ғылыми терминдер. Алаш білімпазы орыс тілі арқылы енген батыс еуропа халықтары тілдері сөздерінің елеулі бөлігін қазақ айтылымына бейімдеп тұрқын өзгертіп жазса, енді бір бөлігін орыс тіліндегі қалпында өзгеріссіз жазады. Ал араб, парсы сөздерін негізінен түпнұсқа тілдегі қалпында, кітаби тіл дәстүрін бұзбай қолданады. Мақалада соның себептері мен ғасыр басындағы жазу, кірме сөздер емлесі жөнінде сөз болады.