АБАЙ АУДАНЫ ЖЕР-СУ АТАУЛАРЫНЫҢ ЛЕКСИКА-СЕМАНТИКАЛЫҚ СИПАТЫ
Кілт сөздер:
этимология, топонимика, аймақтық топонимия, географиялық атаулар, этномәдениет, онамастика, тарих, дүниетаным.Аңдатпа
Мақалада Абай өңірі жер-су атаулары, аймақтық топонимияның қалыптасуына әсер етуші факторлар, географиялық атаулардың этнолингвистикалық сипаты баяндалады.
Кез-келген елдің өткені мен бүгінінің сабақтастығы оның жер-су атаулары – топонимдері арқылы көрініс табады. Қазақ елінің де жер-су атаулары халықтың сан ғасырлық тарихынан сыр шертеді. Осы себепті еліміздің басынан өткен «сан қилы» заманда көптеген топонимдердің өзгеріске ұшырауына, ұмыт болуына байланысты жер-су атауларын зерттеу бүгінгі күні өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Осыған орай, аталған аймақта көптеген топонимдер тарихи оқиғалар мен белгілі бір жағдаяттарға қатысты адам атына,хайуанаттар мен жануарлар дүниесіне, географиялық ортаның түр-түсіне, табиғат құбылысынабайланыстыжасалғандығы мақалада мысалдармен жан-жақты талданып, қарастырылды.
Зерттеу жұмысының мақсаты – аталған ауданның топонимдерін жан-жақты зерттеу, оларды сәйкестендіруді анықтау, топонимдердің тарихи – лингвистикалық, лексика – семантикалық, этнолингвистикалық құрылымын талдау, сондай-ақ қоғамдағы әлеуметтік-саяси өзгерістерді анықтау болып табылады.
Зертеу жұмысында диахронды-синхронды және тарихи-лингвистикалық талдау, сипаттамалық және интерпретациялық әдістер қолданылды.
Абай ауданының топонимдерін жан-жақты зерттеу отандық этнолингвистиканы дамытуға, қазақ халқының рухани құрамдас бөлігін зерттеуге сөзсіз үлес болады.