Ә. КЕКІЛБАЕВ ӘҢГІМЕЛЕРІНДЕГІ ОБРАЗ ТАБИҒАТЫ

Ә. КЕКІЛБАЕВ ӘҢГІМЕЛЕРІНДЕГІ ОБРАЗ ТАБИҒАТЫ

Авторлар

  • *Әділет Қабылов Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті
  • Анар Бүркітбаева Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті

Кілт сөздер:

Ә.Кекілбаев, проза, әңгіме, көркем мазмұн, шығарма идеясы, көркемдік, сюжет.

Аңдатпа

Әдебиетке алғашқы қадамын өлеңмен бастаған халық жазушысы Әбіш Кекілбаев алпысыншы жылдардың ортасынан бастап көркем прозаға бет бұрып, бірнеше әңгімелер мен повестер жинағын шығарды. Осылайша оқырман қауымға шебер прозаик ретінде танылған жазушы кейін «Аңыздың ақыры», «Үркер», «Елең–алаң» романдары секілді кең тынысты эпикалық шығармаларды дүниеге әкелді. Жазушының қай шығармасын алсақ та, өзіндік көркем өрнегімен ерекшеленеді. Суреткердің прозаиктік қолтаңбасын бағамдауда оның алғашқы әңгімелерін талдаудың да өзіндік мәні бар. Мақалада жазушыны оқырман қауымға болашағы зор прозашы ретінде танытқан «Аш бөрі» және «Есболай» әңгімелерінің тақырыптық, көркемдік-идеялық ерекшеліктері талданып, автордың образ сомдау шеберлігі пайымдалады. Жазушының шағын прозадағы алғашқы табыстары болып табылатын әңгімелердің жанрлық табиғаты, тіл шеберлігі мен баяндау мәнеріндегі ерекшеліктер әдебиеттану тұрғысынан бағамдалады. Аталмыш әңгімелердегі бас кейіпкерлер Құрманғазы мен Есболайдың, сонымен қатар басқа да қосалқы кейіпкерлердің образдары талданады. Кейіпкерлер образын сомдаудағы жазушы қолданған көркемдік әдістер, әсіресе авторлық баяндау мен кейіпкердің ішкі ой-санасының бейнеленуі, портреттік мінездеу мен кейіпкер сөзі секілді элементтердің сипаты мен қолданыс ерекшеліктері зерделенеді. Мақалада әдебиет зерттеушілерінің еңбектеріндегі ой-тұжырымдар теориялық негіз ретінде қарастырылады.

Авторлар туралы мәліметтер

*Әділет Қабылов, Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті

– филология ғылымдарының кандидаты, профессор

Анар Бүркітбаева, Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті

– филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор м.а.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-07-09

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиеттану
Loading...