«АБАЙТАНУ» ҒЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ҚЫТАЙ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ АБАЙДЫ ТАНУЫ

«АБАЙТАНУ» ҒЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ҚЫТАЙ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ АБАЙДЫ ТАНУЫ

Авторлар

Кілт сөздер:

Абайтану, Абай энциклопедиясы, даму, беталыс, пікірлер

Аңдатпа

Мақалада «Абайтану» ғылымының қалыптасуы, соның ішінде іргетасын қалап, ғылым ретінде қалыптасуға мұрындық болған,алғашқы ғалымдардың еңбектеріне талдаулар жасалады. Сонымен қатар, мақалада Абайды зерттеу, Абай шығармасын жинау, баспадан шығару ісі жөнінде мағлұматтар беріледі. Қытай қазақтарының саяси санасының өсуіне, ғылым- білім алуына және рухани байлығының артуына Абай шығармаларының әсері айтылады. Абай мұрасының Қытай қазақтарының арасына насихатталуы ғана емес, әкесі Құнанбайдың Қытай жеріне барғандығы жөнінде мәліметтер келтіріледі. Сондай-ақ, алаш қайраткерлері А. Байтұрсынұлы, М. Дулатов, С. Аманжолов, Р. Мәрсековтердің Қытай жеріндегі Шәуешекке баруы, ондағы қазақтармен кездесіп, Абай туралы, алаш туралы насихат жүргізгендігі жөніндегі деректерге назар аударылады.

Қазақ ақын-жазушыларының Абайды бағалап, «Абайтану» ғылымын дамытқанға дейін бір ғасырдан астам уақыт өтті. Бүгінгі «Абайтану» ғылымы, ғылым саласының ұйытқысы. Көзі қарақты оқырман «Абайтану» ғылымын зерттеушілерге жаңа көзқараспен қарауда. Абайды әсіресе, Қытай басқа да көрші мемлекеттерде құрылып жатқан зерттеу орталықтары мен институттарда Абай ілімін таныту жұмыстарын жалғастыру жөнінде идеялар айтылады.

Авторлар туралы мәліметтер

Өміржан Сейдақұлұлы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

– PhD докторант

*Алма Кенжеқожаева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

– педагогика ғылымдарының магистрі, оқытушы

Камшат Төлеубаева, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

филология ғылымдарының кандидаты, профессор

Жүктеулер

Жарияланды

2024-03-27

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиеттану
Loading...