*М. ЖҰМАБАЕВТЫҢ «ГҮЛСІМ ХАНЫМҒА» ӨЛЕҢІНІҢ ЛИНГВОПОЭТИКАСЫ ЖӘНЕ АУДАРМАДАҒЫ КӨРІНІСІ

*М. ЖҰМАБАЕВТЫҢ «ГҮЛСІМ ХАНЫМҒА» ӨЛЕҢІНІҢ ЛИНГВОПОЭТИКАСЫ ЖӘНЕ АУДАРМАДАҒЫ КӨРІНІСІ

Авторлар

Кілт сөздер:

лингвопоэтика, поэтикалық аударма, көркемдік­бейнелеуіш құралдар, өлеңнің құрылысы, аударма стратегиялары

Аңдатпа

Мақалада Мағжан Жұмабаевтың «Гүлсім ханымға» өлеңіндегі лингвопоэтика элементтерінің орыс және ағылшын тілдеріне аударылу ерекшеліктері қарастырылады. Поэтикалық аударма –көркем аударманың ең биік шыңы. Терең, астарлы ойлар түрлі көркемдеуіш, бейнелі құралдармен белгілі бір ырғақты формаға келтіріліп, әр сөз маңызды болған тұста аудармашыға артылатын жүк ауырлай түседі.

Өлең сөздің шебері Мағжан ақын поэзиясының өзге тілдерге аударылуы енді ғана зерттеліп келеді. Сол себепті түпнұсқа мен аударма мәтіндегі эстетикалық әсерге жауап беретін көркемдік-бейнелеуіш құралдарды лексико-семантикалық, құрылымдық тұрғыдан салыстырмалы талдай отырып, аударманың сәтті тұстары мен орын алған алшақтықтарды анықтауды мақсат етеміз. Сондай-ақ, өлеңге белгілі бір әуез бен ырғақ беретін сыртқы параметрлері мен құрылымы да буын, бунақ, ұйқас деңгейінде түпнұсқа/аударма жұбында талдауға түседі.

Зерттеу нәтижесі ақын поэзиясы аудармаларының сапасын анықтап, ары қарай да шетел тілдеріне аудару тәжірибесін байытуға септігін тигізеді. Орыс тілінде үш аударма нұсқасы мен ағылшын тіліндегі аудармасы поэзия аудармасының қай стратегиясына сай (Дж. Холмс, Левфевер бойынша) аударылғаны анықталып, түпнұсқа мазмұны мен идеясына, көркемдік тұлғасына қаншалықты әсер еткені интерпретацияланады. Қазіргі уақытта ақынның тек жиырма өлеңі ағылшын тіліне тәржімаланған. Ал, орыс тілі көптеген аудармаларға аралық тіл қызметін атқарғандықтан орыс тіліндегі аудармалар арнайы талдауды қажет етеді.

Авторлар туралы мәліметтер

*Айгүл Алпысбаева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

– философия докторы (PhD), постдокторант.

Светлана Ашимханова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

– филология ғылымдарының докторы, профессор.

Мереке Әбдіманапова, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

– аға оқытушы.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-03-27

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі
Loading...