*А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫ СӨЗСАПТАМЫНДАҒЫ  ҚАЗАҚ СӨЗІНІҢ ДӘСТҮРЛІ ПРАГМАТИКАСЫ  

*А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫ СӨЗСАПТАМЫНДАҒЫ  ҚАЗАҚ СӨЗІНІҢ ДӘСТҮРЛІ ПРАГМАТИКАСЫ  

Авторлар

Кілт сөздер:

сөзсаптам, сөз мәдениеті, дәстүрлі сөйлеу этикеті, сөз өнері, әдеби тіл, прагматика

Аңдатпа

Тілдің дамуы мен өзгеруіне көптеген тілдік және тілден тыс факторлар әсер етеді. Қазақ тілі XX ғасырдың басына дейін өзге тілдің әсеріне ұшырамағандықтан, сол кезеңдегі тіл дәстүрлі сөз сөйлеу машығын анықтауға мүмкіндік береді. Сондықтан автор зерттеу жұмысында А. Байтұрсынұлының ХХ ғасырдың басында жарық көрген мақаласынан қазақтың дәстүрлі сөзінің прагматикасын анықтауды мақсат етіп отыр.

Тіл біліміндегі осы саладағы көптеген еңбектерде тек тілдік норма, стильдік қолданыстар, стиль түрлері тұрғысынан қарастырылғандықтан, қазақ тілінің сөзді жүйелі баяндау, тұшымды сөз айту машығын көрсете алмай келеді. Сондықтан қазақтың ұлттық сөйлеу ерекшелігін ескере отырып, сөзсаптау нормаларын анықтау, көрсету – өзекті мәселелердің бірі. Зерттеу жұмысында авторлар қазақтың сөзді тыңдарманға жеткізуде қолданған тиімді тәсілдеріне тоқталып, олардың ерекшеліктерін, ұтымды тұстарын баяндайды.

Ол үшін А. Байтұрсынұлының 1911 жылы жарық көрген «Қазақтың өкпесі» мақаласының оқырманға әсерін, мәтін құрылымына, ішкі, сыртқы байланысына, баяндалу ретіне тоқталады. Нәтижесінде қазақ сөзінің айтылатын орны болатыны, сөздің басы, ортасы, қорытындысы болатыны, барлық құрылымы тұтас бір логикалық, грамматикалық құрылым құрайтыны, мейлінше қысқа, түсінігі жеңіл, мазмұны айқын болатыны анықталды.

Зерттеу жұмысында талдау, жинақтау, контекстік семантиканы анықтау үшін сауалнама әдістері қолданылды. Мақаланың ғылыми маңыздылығы – қазақ тілінің сөзсаптам деңгейінің көтерілуіне, сөз мәдениеті, стилистика салаларынының дамуына әсер ету болса, практикалық маңыздылығы – сөзін тыңдарманға тыңдатамын деген сөзалушыға көмекші құрал бола алады, тіл

Авторлар туралы мәліметтер

Құралай Күдеринова, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты

– филология ғылымдарының докторы, профессор.

*Маржан Серікқызы, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты

– PhD докторант

Жүктеулер

Жарияланды

2024-03-27

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі
Loading...