ЭПОСТАРДАҒЫ «ҚАҺАРМАН-ҚЫЗДАР» БЕЙНЕСІН ЖОО-ДА СТО ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ

ЭПОСТАРДАҒЫ «ҚАҺАРМАН-ҚЫЗДАР» БЕЙНЕСІН ЖОО-ДА СТО ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ

Авторлар

Кілт сөздер:

эпос, қаһарман, типологиялық ерекшелік, сюжет, ұлттық құндылық, дебат, сауалнама, эксперимент

Аңдатпа

Мақалада түркілік эпостардағы «қаһарман-қыздар» бейнесін негізге ала, сыни тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы оқытудың маңыздылығы қарастырылады. Эпостардағы «қаһарман-қыздар»бейнелерінің типологиялық ерекшеліктер мен ұқсастықтары сараланады. Кіріспеде әлем және түркі халықтарына ортақ «қаһарман-қыздар» бейнесі туралы сипатталады. Олардың ерлігі мен ақылдылығы қос жүріп, халық жадында сақталғандығы жайлы сөз қозғалады. Қайсібір жырдағы жауынгер қыздың әрбір іс-әрекеті батырға ылайық екендігі, ғасырлап жырлаған ақын-жыраулардың өзегінде қалғандығы туралы мысалдар келтірілді. Сол сияқты, күні бүгінге дейін фольклортанушы, педагог маман зерттеушілерінің еңбектерінен аталған тақырымыздың орын тауып келгені және бұл тақырыптың ешқашан өзектілігін жоя қоймайтындығы еңбектерінен дәлел.

Осыған орай, жырдағы батыр қыздардың дүниеге келгеннен бастап, өскен ортасы, оның отбасында алған тәрбиесі, салт-дәстүрлері, т.б., оның тұлғалық тұрғысынан жүйелі талдаулар орын алады. Яғни, ЖОО-да студенттер арасында жүргізілген сауалдар мен сабақ барысындағы пікірталастар, олардың  көзқарасы, ой-өзегі талданды. Сыни тұрғысынан ойлау технологиясы дәрістер мен тәжірибелік сабақтардың теориялық және практикалық маңыздылығы мен әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігі туралы, танымал педагог мамандардың ғылыми тұжырымдары назарға алынды. Яғни, зерттеу жұмысымыздың негізгі идеясы эпостардағы «қаһарман-қыздар» олардың батырлық жолы, іс-әрекеті, ерекшеліктері, т.б. бейнелерінің көрінісі сомдалып, сыни талдаулар сөз етіледі. Яғни, сыни тұрғысынан ойлау әдісінің тиімділігі, дәріс барысында студенттердің өз ойларымен бөлісуі, сыни-көзқарасы, сыни-пікірлері жан-жақты зерделеніп, ой өзегінен өткізіп талданады. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының дәріс сабақтарында түрлі дәйектеу мүмкіндігінің мол екендігі айқындалды. Осы тақырып аясында студенттер арасында эксперименттің алғашқы кезеңінде сауалнамамен қатар  тест тапсырмалары,  талдау жұмыстары, пікір алысу жұмыстары да ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, дәрістің қорытынды нәтижесі бойынша негізгі тақырыптың толықтай ашылып, білім алушының өзіндік пікір қалыптасатындығына көз жеткіземіз.

Авторлар туралы мәліметтер

Назым Мажиева, Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университеті

– PhD докторант

*Наргиза Балтабаева, Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университеті

– философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор м.а.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-03-27

Журналдың саны

Бөлім

Тіл және әдебиетті оқыту әдістемесі
Loading...