БЕСІККЕ САЛУ ҒҰРПЫНА ҚАТЫСТЫ ҚАСТЕРЛІ ҰҒЫМДАР
Кілт сөздер:
қастерлілік, мифология, киелі, рухани өмір, мәдениет.Аңдатпа
Мақалада әдебиеттану саласы бойынша жаңадан қарастырылып жүрген қастерлі ұғым турасында түсіндіріледі. Аталған ұғым ерте кезеңнен бастап қазақтың тұрмыс-тіршілігін айғақтап, халықтың мәдениеті мен рухани өмірінен көрініс тауып келеді. Қазақтың өзіндік дүниетаным, әдет- ғұрып, отбасылық тіршілігімен біте қайнасып кеткен киелі дүниені қастерлеу түсінігі халықтың болмысын таныта түседі. Шыр етіп дүниеге келген сәбиін өлеңмен әлпештейтін қазақ жұрты нәрестесін бесік жырымен тербетіп, ұлттық тәрбиенің жетегіне алатыны белгілі. Сондықтан да аталған мақаладаауыз әдебиетіндегі қастерлілік ұғымы бесікке салу ғұрпының және аталған ғұрыпқа қатысты айтылатын өлең-жырлардың төңірегінде қарастырылды. Ұлттық сипатымыздың өзегін фольклордан танып, көріп, біліп, сөзбен суреттеліп берілген туындылардан халықтың рухани болмысын айқын ажыраттық. Десек те, асыл қазынамыздың астарында әлі де болса зерттеуді қажет ететін дүниелер аз емес. Түрлі мәдениеттер тоғысқан ХХІ ғасырда қазақы құндылықтарды анықтап қою аздық етеді, ұлттық рухтың сақталуы үшін ұлттық мәдениеттің мәйегін – қазақтың қастерлі ұғымдарын кеңінен насихаттау ауадай қажет. Сондықтан да,мақалада заман ағымына сай өзгеріске ұшыраған кейбір дәстүрлердің мазмұнына ден қойылып, мағынасына назар аударылады. Ғұрыппен бірге біртұтас болып өзара тығыз байланысып, белгілі бір кезеңнің мәдениетін айғақтайтын кие, қастерлілік ұғымы фольклорлық еңбектер негізінде сараланады. Мақала барысында қастерлілік ұғымының шығу тегімен қатар, адамның тіршілік бастауынан-ақ айқын көрініс табатын қастерлі дүниелер туралы жан-жақты баяндалады.