ШЕРХАН МҰРТАЗА ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТТІҢ ТІЛДІК КӨРІНІСТЕРІ

ШЕРХАН МҰРТАЗА ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТТІҢ ТІЛДІК КӨРІНІСТЕРІ

Авторлар

Кілт сөздер:

Мәдениет, ұлт, тіл, тарих, әлеумет, мәселе, халық, әдебиет, этника, байланыс.

Аңдатпа

Мақала көрнекті жазушы Шерхан Мұртазаның тілдік ерекшеліктерін және оның ұлт руханиятына қосқан үлесін зерттейді. Мақалада автордың өз шығармаларында қолданатын тілдік ерекшеліктері мен құрылымдары қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен бірегейлігін қалай көрсететіні қарастырылады. Зерттеу жұмысы лексика, грамматика және стилистика ерекшеліктеріне назар аудара отырып, Ш. Мұртазаның әдеби шығармаларында қазақ тілінің қолданылуын талдайды. Жазушы қазақ фольклорлық дәстүрінің элементтерін өз мәтіндеріне енгізген сәттерге ерекше назар аударылады.

Көркем шығармалардың тілін қарастыру, зерттеп-зерделеу қазіргі күннің көптеген сұрақтарына жауап бере алады. Ш. Мұртаза шығармаларындағы ұлттық танымды айқындайтын сөздер, салт-дәстүрлерді дәріптейтін ұғымдар назарға алынып, автор тілінің лингвомәдени сипаты талданады.

Мақала, сонымен қатар Ш. Мұртазаның шығармаларына қандай тақырыптар мен мотивтер тән екенін және олардың Қазақстанның ұлттық мәдениетімен қалай байланысты екенін қарастырады. Оның жұмысына әсер ететін тарихи, әлеуметтік-мәдени және этникалық контексттер талданады. Зерттеу Шерхан Мұртазаның тіл пен әдебиет арқылы қазақ мәдени бірегейлігін сақтауға және таратуға қосқан үлесін, сондай-ақ оның Қазақстанның ұлттық әдеби дәстүрі контекстіндегі маңыздылығын жақсы түсінуге мүмкіндік береді.

Әдеби туындыларындағы тілдің коммуникативті бірліктерінің ұлттық- мәдени аспектіде анық байқалатынын ескере отырып сипаттамалық әдіс, ұлттық мәдени ерекшеліктерді айқындау үшін лингвомәдениеттану әдістері басшылыққа алынады.

Авторлар туралы мәліметтер

*Айнұр Кембаева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

– PhD докторант

Орынай Жұбай, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

филология ғылымдарының докторы, профессор м.а.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-03-27

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі
Loading...