ПОСТКОЛОНИАЛДЫҚ ТҰЛҒАНЫҢ ОКСЮМОРОНДЫ ИНТЕРПРЕТАЦИЯСЫ
Кілт сөздер:
постколониализм, оксюморон, Мұхтар Мағауин, қазақ әдебиеті, интерпретация.Аңдатпа
Бұл мақалада Кеңес үкіметі коммунизм орнату мақсатында белсенді түрде насихаттаған идеологиялық концепциялар мен нормалардың қазақ әдебиетінің дамуына және тәуелсіздік алғаннан кейінгі деколонизация бағытында жазылған мәтіндерге тигізген әсеріне талдау жасалған. Осы тақырыпта жазылған біршама шығармалардың ішінде қазақ жазушысы Мұхтар Мағауиннің «Жармақ» романына ерекше мән берілді. Саяси және әлеуметтік-мәдени ортадағы өзгерістердің әдеби шығармаларға қалай әсер еткеніне, олардың постколониалдық бірегейлікке өту жағдайындағы ерекшеліктері мен сипатын анықтай отырып, талдау жасалынады. Бұл процестерді тереңірек түсіну үшін романның тіліне, құрылымына, кейіпкерлеріне тоқталып, әдеби талдау әдістері қолданылады. «Жармақ» романында берілген отаршылдықтан кейінгі тұлғаның оксюморондық интерпретациясын зерттеу бұл мақаладағы негізгі мәселе болып табылады. Көркем мәтінді негізгі дереккөз ретінде пайдалану тек сюжеттік желілер мен кейіпкерлерді ғана емес, оларда көрініс тапқан мәдени және әдеби өзгерістерді де талдауға мүмкіндік береді. Бұл тәсіл постколониалдық қоғамның өмір салты мен дәстүрінің уақыт бойынша эволюциясын жарыққа шығаруға, олардың өзгермелі контексттерге бағыныштылығын және әлеуметтік-саяси факторлардың әсеріне назар аударылады. Кейіпкерлерді талдау кезінде олардың даралық ерекшеліктеріне баса назар аударылып, отаршылдықтан кейінгі тұлғаның көп қырлы болмысын ашуға және оның қоғаммен, мәдениетпен өзара әрекеттесу ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді.