*НӘЗИПА ҚҰЛЖАНОВА МЕН МҰХТАР ӘУЕЗОВТІҢ АБАЙТАНУ ҒЫЛЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ РӨЛІ

*НӘЗИПА ҚҰЛЖАНОВА МЕН МҰХТАР ӘУЕЗОВТІҢ АБАЙТАНУ ҒЫЛЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ РӨЛІ

Авторлар

Кілт сөздер:

абайтану, алаштану, архив, тарихи деректер, мәтін, көсемсөз.

Аңдатпа

Мұхтар Әуезовтің абайтанудың негізін қалап, жүйелі зерттеу жүргізіп, осы саланың дамуына үлкен ықпал еткен ғалым екені белгілі. Бала күнінде ұлы ақынмен кездесу сәтінен бастап Абай ілімін танып, оны зерделеп өскен жазушы-ғалым өсе келе де осы жолда көп тер төгіп, ілгері жылжуына әсер етті. Бұл ретте Алаш қозғалысы кезінде өзінің белсенділігімен, қайраткерлігімен талай мәселелерді шешіп, ағартушылықпен айналысқан Нәзипа Құлжанованың да рөлі орасан зор болды. Талай Алаш арыстарының көзін ашып, білім берген Н. Құлжанова шәкірттерінің Абайды танып, оның ілімін ұғынуы жолында көп еңбек етті.

Мақалада ұстаз Н. Құлжанова мен шәкірт М. Әуезовтің абайтану ілімін қалыптастыру жолы және оның шығармашылығын екі тілде қатар насихаттап, танытуына мән берілген. Олардың руханият жолына сіңірген еңбектері сараланған. «Абай» журналының шығу негіздері жайы айтылады. Абай әндерінің зерттелуіне кеңірек тоқталады. Абайтану ілімін қалыптастыру жолындағы қос тұлғаның жасаған еңбектері сараланады. Авторлар қазақ қыздарының арасынан шыққан алғашқы абайтанушы Н. Құлжанованың ағартушылық жолындағы өзге де ізденістерін тізбектеп көрсетеді. Оның ақындық, жазушылық, ұстаздық, аудармашылық еңбектеріне назар аударылады.

Авторлар туралы мәліметтер

Гүлзия Пірәлі, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты

– Бас ғылыми қызметкер

*Айжан Құрманбай, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты

– ғылыми қызметкері

Жансұлу Сәрсенбаева, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты

– ғылыми қызметкері

Жүктеулер

Жарияланды

2024-08-13

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиеттану
Loading...