ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІНДЕГІ ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕРДІҢ ҰЛТТЫҚ-МӘДЕНИ КОННОТАЦИЯСЫ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ КОД
Кілт сөздер:
фразеологиялық бірліктер, ұлттық код, мәдениетаралық коммуникация, этностық құндылық, лингвистика, этнолингвистика.Аңдатпа
Мақала қазақ және ағылшын тілдеріндегі тұрақты тіркестердің ұлттық-мәдени коннотациясы және фразеологизмдерде көрініс тапқан ұлттық код мәселесіне арналған. Әрбір халықтың өзіндік этномәдениетінен, әдет-ғұрпы мен өмір-тіршілігінен туындаған фразеологиялық тіркестері бар. Ұлт пен тіл – біртұтас тығыз байланыстағы ұғым. Ұлттың қалыптасуында тілдің алар орны ерекше. Тарихи ақпараттарды, мәдениет пен салт-сананы, ұлттық мінез бен даралықты бойына жинақтаған тіл – басты этностық құндылық. Фразеологизмдерге этнолингвистикалық, лингвокогнитивтік тұрғыдан талдау жүргізу ұлт болмысын танудың бірден бір негізі. Мақалада қазақ және ағылшын халықтарының менталді ерекшеліктерін байқататын тұрақты тіркестерге салыстырмалы зерттеу жүргізіліп, олардың мазмұнындағы ұқсастықтары мен айырмашылықтары айқындалады.
Мақаланың басты мақсаты – қазақ және ағылшын тілдеріндегі фразеологизмдердің ұлттық-мәдени семантикасын анықтау арқылы ұлттық код мәселесін ашу. Осы мақсатқа жету үшін ұлттық код белгілерінің танымдық және лингвомәдени, этнолингвистикалық сипаттарын анықтайтын қазақ және ағылшын тілдеріндегі фразеологизмдерге талдау жасалды. Халықтың ұлттық құндылықтарын айқындайтын ұлттық код белгілерінің когнитивті дискурстағы (тұрақты тіркестердегі) көрінісі нақты тілдік деректер арқылы айқындалды.