БИНАРЛЫҚ ОППОЗИЦИЯНЫҢ АКТАНТТЫҚ КӨРІНІСІ
Кілт сөздер:
миф, бинарлық оппозиция, мифологиялық сана, қарама-қайшылық, актанттық құрылым, мифтік сана, жаратылысАңдатпа
Мақалада мифологиялық және фольклорлық мәтіндердегі бинарлық оппозиция туралы қалыптасқан ғылыми анықтамалар мен тұжырымдарға шолу жасалып, сол еңбектердегі маңызды ой-тұжырымдар қарастырылады. Бинарлық оппозицияның ғылымда шындықты танудың әмбебап құралы ретінде қарастырылатыныны назарға алынады. Архетиптік ойлаудың мифтік мәтіндерде көрінетін негізгі сипаттамалары талданады. Ғаламның мифтік бейнесінің негізін құрайтын тұрақты оппозициялық жұптар жүйеленіп, олардың мәтін құрылымындағы мәніне семантикалық талдау жасалады. Бастауын мифтік ойлаудан алып, қазіргі таңда да жалғасын тауып келе жатқан мифологиядағы оппозициялық жұптардың ұлттық дүниетанымды таныту мен ғаламның мәдени танымдағы бейнесін айқындаудағы рөлі сипатталады. Ғаламды бинарлық оппозиция арқылы қабылдау ақыл-ой құрылымы бірдей қазіргі заманауи адам үшін де өзекті екендігі айтылады. Бинарлық оппозиция ақиқатты танудың әмбебап құралы болғандығы мысалдармен көрсетіледі. Жаратылыстағы қайшылықты күштер мен ұғымдардың бірлігінің мәніне назар аударылады
Ғаламдағы қарама-қайшылықтарды жеңу арқылы дүниені тану үшін мифтердің негізгі атқаратын қызметі болғандығы теориялық еңбектерге сүйене отырып, жан-жақты қарастырылады. Көне дәуір адамдарының дүниені тануына, қоршаған орта сырын ұғуына, өзара үйлесімді сақтауына бағдар болған мифтің адамзат санасында тұрақты орын алып, өнер туындыларының қайнар көздеріне айналу заңдылығы сарапқа салынады. Бинарлық оппозициялық құрылым әдебиеттануда миф мәтіндеріндегі қарама-қайшылықтың әрекет ету түрін танытып, осы негізде көрінетін актанттық қызметті анықтайтыны дәлелденеді.