МАҢҒЫСТАУ ТОПОАРЕАЛЫНДАҒЫ ДІНИ ТОПОНИМДЕР

МАҢҒЫСТАУ ТОПОАРЕАЛЫНДАҒЫ ДІНИ ТОПОНИМДЕР

Авторлар

Кілт сөздер:

топоареал, Маңғыстау, діни топонимдер, матрица, ядросы, концепт, жерасты мешіттері, әулие, суфизм

Аңдатпа

Аймақтық мазмұндағы топонимдердің мағынасына интерпретация жасау лингвистикалық және экстралингвистикалық факторларды есепке алуды талап етеді. Оған жердің географиялық ерекшеліктері ғана емес, сонымен бірге халықтың діни танымы мен рухани құндылықтары да жатады. Сол жерді мекендеген этностың рухани және материалдық мәдениетін, тілі мен тарихын білмей, жекеленген топонимдердің этимологиясын анықтау мүмкін емес.

Маңғыстау топономастикалық кеңістігінің біртұтас бейнесін қайта жасауда діни-танымдық, соның ішінде суфизм ілімінің ұғым-түсініктеріне  негізделген киелі топонимдердің орны айрықша.  

Зерттеушілер топономастикалық аталымдардың қалыптасуына тілдік факторлардан өзге сол жерді мекендеген халықтың географиялық орта туралы түсінігі, соған сәйкес шаруашылық түрлері, діни танымы, мәдениеті мен тарихы, қоғамдық идеологиясы, өмір салты т.б. тілден тыс факторлар да негіз болады дейді.

Мақаланың мақсаты – Маңғыстау топоареалында осы уақытқа дейін өзінің рухани мәнін жоғалтпаған сопылық ілімінің таным-түсініктері, теориясы мен практикасы негізінде қалыптасқан діни топонимдерге талдау жасау. Орыс, ағылшын тіл білімінде діни топонимдер топонимикалық, этнолингвистикалық және лингвомәдениеттанымдық бағытта зерттелген. Қазақ тіл білімінде діни топонимдерді зерттеудің құрылымдық және когнитивті әдістері қолданылып жүр.

 Зерттеу барысында діни топонимдерді зерттеудің когнитивті-матрицалық талдау әдісі бойынша, Маңғыстау діни топонимдерінің ономасологиялық құрылымы матрицасының ядросы – «әулие» концептісі.  оны толықтырушы шеткергі концетілер – «меншік», «құлшылық», «оқиға», «қабылдау», «статус» компоненттерімен сипатталатын «топырақ болу», «Алламен бетпе-бет», «оңашалану»,  «жүрек», «зікір», «білім», «сұхбат», «мұрагерлік» («иджаза»), «құбылыс» («мұғжиза») концептілері екені анықталды. Зерттеу нәтижесінде «Маңғыстау топоареалындағы діни атаулардың қалыптасуы, концептуалды құрылымы осы аймақта қалыптасқан мұсылман дінінің сопылық ілімнің таным-түсініктерімен, суфизмді таратушы тұлғалар, олар туралы этномәдени ақпараттармен тығыз байланысты» деген қорытынды жасалды.

Автор туралы мәліметтер

Бибайша Нұрдәулетова, Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті

– филология ғылымдарының докторы, профессор

Жүктеулер

Жарияланды

2024-07-04

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі
Loading...