АБАЙ ӘЛЕМІН БАҒАЛАУДАҒЫ ЭМОЦИЯЛЫҚ БІРЛІКТЕР
Кілт сөздер:
бағалау, эмоционалды бағалау, прагматика, эмоциялық мағына, экспрессивті реңк, қайталама.Аңдатпа
Мақалада ұлы ақын Абай Құнанбаевтың шығармашылығы мен еңбектерін, тұлғалық ерекшелігін терең зерттеген бағалау-мәнді пікірлерге алғаш рет лингвистикалық талдау жасалған. Талдау нысаны ретінде отандық және шетелдік ғалымдардың Абай туралы айтқан ғылыми пікірлері алынды. Пікірлердің құрылымы эмоционалды мағынаны сипаттайтын бағалау-мәнді сөйлемдерден тұрады. Яғни зерттеу барысында ғылыми пікірлердегі тілдік сана мен ұлттық дүниетаным ерекшелігі қарастырылған. Лингвистикалық талдауда эмоционалды мағынаға ие болып отырған сөздердің танымдық сипаты, прагматикалық қатынасы, стилистикалық қызметі, лексика-семантикалық ерекшеліктері, шылаулардың дәнекерлік қызметі талданған. Ұлттық дүниетаным мен тілдік сананың айырмашылығын байқау үшін отандық және шетелдік ғалымдардың пікірлеріндегі негізгі эмоционалды мағына мен экспрессивті реңкке ие болып отырған сөздер кесте түрінде ұсынылды. Зерттеу нәтижесі бағалау мәнді сөйлемдерді ұлттық құндылықтар мен ұлттық мәдениеттің көрсеткіші ретінде кеңінен зерттеу қажеттілігін көрсетті.