ГЕНДЕРЛІК ЛИНГВИСТИКА: SCOPUS-ТАҒЫ ҒЫЛЫМИ ЖАРИЯЛАНЫМДАРДЫ ТАЛДАУ
Кілт сөздер:
гендер, лингвистика, тіл, Scopus, зерттеулер, лингвистикалық сараптау, семантикалық талдау, SPSSАңдатпа
Мақалада тіл білімінің жаңа бағыттарының бірі – гендерлік лингвистика саласына қатысты ғылыми еңбектерге талдау жасалған. 1976 жылдан 2023 жылға дейін Scopus дерекқорындағы жарияланымдар санының артуы ұсынылған тақырыптың өзектілігін растайды. Зерттеудің мақсаты 1093 ғылыми мақаланы жүйелі шолу негізінде гендерлік лингвистика саласындағы үрдістер мен бағыттарды талдау болып табылады. Зерттеу әдістемесі басылымдардың өсу динамикасын, сондай-ақ географиялық және салалық үлестіруді анықтау үшін SPSS көмегімен деректерді жинау мен талдауды қамтиды.
Теориялық маңыздылығы тілдің гендерлік аспектілері туралы білімді байыту және осы саланың көпсалалы сипатын түсінуді кеңейту болып табылады. Практикалық маңыздылығы инклюзивті тілдік тәжірибелерді дамытуға және лингвистикадағы гендерлік мәселелер туралы тереңірек білім қалыптастыруға қосқан үлесі арқылы көрінеді.
Зерттеу нәтижелері осы саладағы жарияланым белсенділігінің айтарлықтай өсуін және лингвистикадағы гендерлік зерттеулерге жаһандық және көпсалалы қызығушылықты көрсетеді. Нәтижелер тілдің гендерлік сәйкестілікке әсерін терең түсіну және тілдік тәжірибелер арқылы гендерлік теңдікті ілгерілету стратегияларын әзірлеу үшін қосымша зерттеулер жүргізу қажеттілігін көрсетеді.