«БОЛЖАУ», «ЖОРАМАЛДАУ» МОДАЛЬДІ РЕҢКТЕРІНІҢ СИНТАКСИСТЕГІ КӨРІНІСІ
Кілт сөздер:
субъективтік модальділік, семантикалық өріс, болжау реңкі, жорамалдау реңкі, хабарлы сөйлем, сұраулы сөйлем, бұйрықты сөйлемАңдатпа
Синтаксистегі құрылымдық бағыттың қазіргі жетістіктері модальділік категориясының барлық аспектілерін әлі де қамти алмай отыр. Модальділік категориясы тек объективті модальділікке қатысты, реальды немесе ирреальды әрекеттерге деген көзқарас тұрғысынан сипатталады. Дегенмен сөйлеу әрекетінде қолданылатын субъективті модальділіктің грамматикалық белгілері әлі де мұқият зерттеуді қажет етеді. Мақалада модальділік санатын басқа грамматикалық заңдылықтармен салыстыра отырып, өзіндік құрылымы, дербес жасалу жолы бар, сөйлемаралық байланыста немесе мәтін аясында жүйеленетін күрделі, ауқымды заңдылық екені дәлелденеді. Осы мақсатта ғылыми мақалада функционалды грамматика мүмкіндіктерін ескеріп, болжау, жорамалдау модальді реңктерінің жасалу жолдары қолданыстық ортасымен, ондағы бірліктердің ішкі байланысын ескере отырып талданды. Болжау, жорамалдау модальді мағынасының сөйлем деңгейіндегі көріністері сараланып, айтылу мақсатына қарай жіктелетін: хабарлы, сұраулы сөйлемдердің функционалды қызметіне қарай біріге қолданылып, болжау функционалды-семантикалық өрісін қалыптастыруға бейім құрылымдар екені дәлелденді. Болжау-жорамалдау мәндерінің жасалу жолдары хабарлы, сұраулы, бұйрықты сөйлемдер құрамында «болжау» етістігінің семантикалық мағынасынан бастау алып, есімшенің -ар, -ер жұрнақтарынан, «болар», «шығар», «жарар» модаль сөздері мен «сияқты», «тәрізді» модаль сөздерінің, демеуліктердің көмегімен және контекстік семантика әсерінен жасалатыны айқындалды.