*В. РАДЛОВ СӨЗДІГІНДЕГІ БАЙЫРҒЫ СӨЗДЕРДІҢ СЕМАНТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

*В. РАДЛОВ СӨЗДІГІНДЕГІ БАЙЫРҒЫ СӨЗДЕРДІҢ СЕМАНТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Авторлар

Кілт сөздер:

байырғы сөз, түркі тілі, ортақ лексика, тұрақты тіркес, лексикография, реестр.

Аңдатпа

Мақалада В. Радловтың «Опыт словаря тюркских наречий» атты сөздігіндегі байырғы сөздер қарастырылған. Зерттеу барысында қазақ сөздері мен түркі тілдеріне ортақ лексика анықталып, салыстырмалы талдау жүргізілді. Ол сөздердің қазіргі қазақ әдеби тіліндегі қолданысы айқындалып, мағыналық айырмашылықтары көрсетілді. В. Радлов сөздігінде сол кезеңдегі түркі тілдері мен диалектілері барынша қамтылған. Атап айтқанда, қазақ, түрік, әзербайжан, өзбек, қырғыз, башқұрт, якут, алтай, қарайым, чулым, шор, ұйғыр, хакас, татар тілдерінің лексикасы молынан қамтылған. Автор бір сөздің әр түркі тілдеріндегі фонетикалық, семантикалық айырмашылықтарын жүйелі түрде реестрде көрсетіп отырған. Мақалада қазақ тіліне тән сөздердің сол кезеңдегі қолданысы нақты мысалдар арқылы беріліп, қазіргі қазақ тілімен салыстырылды. Тілдің динамикалық дамуы барысында бірқатар лексикалық бірліктердің семантикалық өзгеріске ұшырағаны В. Радлов сөздігі негізінде талданды. Кез келген сөздікте қамтылған лексикографиялық параметрлер сол сөздіктің сапасын білдіретін басты көрсеткіш екені мәлім. В. Радлов сөздігінде фонетикалық, грамматикалық, семантикалық параметрлер жүйелі әрі нақты беріліп отырған. Бұл ерекшелік түркі тілдері құрылымынан терең ақпарат алуға мүмкіндік беріп отыр. Автор жеке сөздермен ғана шектелмей, сөз тіркестері мен фразеологизмдерді де ұсынған. Бұл тіл тарихы мен сөз этимологиясын дұрыс анықтауға ықпал ететін басты факторлардың бірі.

Авторлар туралы мәліметтер

*Гүлфар Мамырбек, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты

– филология ғылымдарының кандидаты, ғылыми қызметкер

Мырзаберген Малбақов, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты

– филология ғылымдарының докторы, профессоры

Айнұр Cейітбекова, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты

– филология ғылымдарының кандидаты, ғылыми қызметкері

Жүктеулер

Жарияланды

2024-07-03

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі
Loading...