ҚАЗАҚ ТІЛІН ЕКІНШІ ТІЛ РЕТІНДЕ ҮЙРЕНУШІЛЕРДІҢ КРОСС–МӘДЕНИЕТТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

ҚАЗАҚ ТІЛІН ЕКІНШІ ТІЛ РЕТІНДЕ ҮЙРЕНУШІЛЕРДІҢ КРОСС–МӘДЕНИЕТТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Авторлар

Кілт сөздер:

кросс-мәдениеттік құзыреттілік, қазақ тілі, психологиялық негізі, когнитивтік-контрастивтік лингвистика, педагогикалық эксперимент, жобалау іс-әрекеті.

Аңдатпа

Мақала қазақ тілін екінші тіл ретінде үйренушілердің кросс–мәдениеттік құзыреттіліктерін қалыптастыру үрдісін зерттеуге арналған. Қазіргі қазақстандық қоғамда қазақ тілін меңгеру қажеттілікке айналып отыр. Бірақ әлі де болса қазақ тілінде сөйлейтіндердің саны көбеймеген.

Сондықтан қазақ тілін толық меңгеру үшін қолданыстағы оқыту әдістемелеріне өзгерістер енгізу қажет. Қазақ тілін оқытудың қазіргі әдістемесін антропоцентризм, экспансионизм және функционализм принциптеріне негізделген көппарадигмалық ғылыми парадигма негізінде жетілдіру қажет сияқты. Кросс-мәдениеттік құзыреттілік жаңа әдіснамалық парадигмаға негізделеді, ол оның барлық принциптерін, әсіресе кез келген құбылысты зерттеуде пәнаралық байланысты қамтамасыз ететін экспансионизм принципін ескереді, сол себепті экспансионистік ұстанымға сүйену қажет деп есептейміз.

Қазақ тіліне үйрету барысында тек қана коммуникативтік құзыреттілікті дамыту дұрыс емес. Құзыреттіліктердің санын көбейткен жөн. Сондықтан да, мақала жазудағы басты мақсат қазақ тілін үйренушілердің кросс-мәдениеттік құзыреттіліктерін дамыту болып табылады. Сонымен қоса осы құзыреттіліктің құрамына кірістірілген басқа да құзыреттіліктерді дамытудың қажеттілігіне назар аударылады.

Мақалада қазақ тілін оқыту әдістемесін талқылайтын зерттеулерге сыни тұрғыдан шолу жасалған, сонымен қоса кросс-мәдениеттік құзыреттілікті дамыту әдістемесі ұсынылған және қазақ тілін үйретуде психологиялық білімнің, мәдениаралық, лингвистикалық, когнитивтік-контрастивтік, елтанымдық, коммуникативтік, т.б. салалардың білімдерін пайдаланудың себебтері дәлелденген.

Әрине, тілді үйрену барысында қабылдау кедергілерінің болатынын есте ұстау қажет. Сонымен қоса, әртүрлі мәдениеттердің құндылықтарын меңгеру үшін оларды когнитивтік-контрастивтік тұрғыда салыстыру керек. Танымдық іс-әрекетте анализ, синтез, салыстыру, орындау дағдыларына да баса көңіл аударған жөн. Осылардың барлығын меңгермейінше, қазақ тілінің фондық білімдерін игермейінше тіл үйренушінің қазақ тілінде сөйлесе алуы екіталай. Әрине, күнделікті өмірде, көршілік қатынастарда қазақ тілін үйренуге болады, бірақ әдеби қазақ тілін меңгере алмайды. Ол үшін тіл үйренудің ғылыми негіздерін білу керек.

Зерттеудің нәтижесінде кросс-мәдениеттік құзыреттілікті меңгерудің артықшылығы көрсетілген, оны дамыту, жетілдіру әдістемелері талқыланған. Қорытындыда жалпы қорытындылар, түйіндер жасалынған. Мақалының ғылыми жаңалығы бар, себебі кросс-мәдениеттік құзыреттілікті дамыту мәселесі алғашқы рет зерттеу нысаны болып отыр. Бұл мақаланың теориялық және практикалық маңызын көрсетеді. Ол зерттеушілерге, қазақ тілінің оқытушыларына арналған.

Автор туралы мәліметтер

Назым Носиева, Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы

– филология ғылымдарының кандидаты, профессор

Жүктеулер

Жарияланды

2024-09-30

Журналдың саны

Бөлім

Тіл және әдебиетті оқыту әдістемесі
Loading...